Брейн-ринг –
Брейн-ринг тәсілі арқылы өткізілген бұл кештің алға қойған мақсаты, ең бастысы, оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау. Сонымен қатар, ойлау, топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру болды.
Сайысты ұйымдастыру кезеңі мынандай ретпен жүргізілді.
Мұғалім: Сонымен, құрметті топ мүшелері « Не? Қайда? Қашан?» географиялық Брейн-рингімізді бастаймыз! Бүгінгі ойнымызда күрделі де қызықты география пәнінен алған білімдеріңізді сынаққа салып, күш сынасасыздар.
Ендеше, брейн-ринг ережесімен таныс болыңыздар.
Ойын 6 кезеңнен тұрады.
I тур – Не? Қайда? Қашан?
II тур – Ең, ең, ең,....
III тур – Кім жылдам?
IV тур – Тапқыр болсаң, тауып көр!
V тур –Ойлан, тап!
VI тур – Капитандар сайысы.
Ойлануға уақыт беріледі, әрине жылдамдықты талап ететін « Ең, ең, ең,....», «Кім жылдам?» турларынан басқасына.
Тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз бірден дайын болса, дереу алдыларыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса, екініші топ өз жалаушасын көтеріп, жауапты түзетуіне болады. Бұл жағдайда ұпай дұрыс жауап берген топтың пайдасына шешіледі. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай. Ережені бұзған үшін 1 ұпай жоғалтады. Ойын ережесі түсінікті ме? Түсінікті болса, жалаушаларыңызды көтеріңіздер!
Олай болса, құрметті ұстаздар мен көрермендер, екі топа да сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік!
I тур – Не? Қайда? Қашан?.
( Еуразия).
( Панама каналы).
(Аргентина).
II топ
10. Ең суы мол өзен ( Амазонка ).
Музыкалық үзіліс.
( Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы, Анд – тау.)
10. Гвинея (шығанақ) 20. Аконкагуа (шың).
(берілетін уақыт – 1 минут).
Сіздердің алдарыңыздағы конверттің ішіндегі қиындыларды құрап болған соң, кескініне қарап, оның қандай географиялық нысан екендігін және оның маңайындағы нысандарды атау керек.
Сіздердің алдарыңыздағы конверттің ішіндегі келесі сұрақтардың жауаптары бар. Қорапты ашпайсыздар! Тек ойланып жауап бересіздер. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап – 5 ұпай.
I топ. « ...» тапсырмасы.
Құрметті ойыншылар! Қораптағы өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Еуропаға бұл өсімдік тек қана дәрілік өсімдік ретінде танымал болды. Қазіргі кезде бұл өсімдікті жоғары тағамдық құндылығы үшін күнделікті өмірде жиі қолданымыз. Оның жемісі тамырында орналасқан. Одан өздерің сүйіп жейтін көптеген тағамдар жасалады.
Қорапта не бар?
II топ.«...» тапсырмасы.
Құрметті ойыншылар! Қораптағы зат өсімдіктен жасалған. Бұл өсімдіктің отаны – Эфиопия. Басында бұл өсімдікті керуеншілер мен бедуиндер сергіту үшін пайдаланған. Қазіргі кезде бұл өсімдік бүкіл дүние жүзінің халқы сүйіп ішетін сусынға айналды.
Қорапта не бар?
( ортаға шақыру ).
I топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Африканың жағалауында орналаспағанын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Африканың жағалауында орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай.
Жерорта теңізі, Гренландия теңізі, Мексика шығанағы, Скандинавия түбегі, Аден шығанағы, Баб-эль-Мандеб бұғазы, Қызыл теңіз, Лаперуза бұғазы, Гвинея шығанағы, Сомали түбегі, Шри-Ланка аралы, Мадагаскар аралы, Гибралтар бұғазы.
II топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Еуразияда орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз.
Гималай тауы, Калифорния шығанағы, Гоби шөлі, Үндістан түбегі, Анд тауы,Ұлыбритания аралы, Мак-Кинли шыңы, Кавказ тауы,Пириней түбегі, Лабрадор түбегі,Аляскашығанағы, Жапон аралы,Қазақстан мемлекеті, Өлі теңізі, Өлім аңғары, Амазонка ойпаты,Виктория көлі.
Әділқазылар ойын қорытындысын шығарсын. Осымен брейн-ринг аяқталды.
Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.