Текст
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2021 жылғы 18-19 қарашада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша мектеп олимпиадасы өткізілді.
Дарынды балалар мен пән бойынша оң бағалары бар оқушылар қатарынан мектеп олимпиадасына қатысуға 101 оқушы өтініш білдіріп, 90-ны қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағыты пәндері бойынша қатысуға 62 оқушы өтініш білдірді, оның ішінде 56 оқушы қатысты, денсаулығына байланысты 6 оқушы қатыса алмады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері бойынша олимпиадаға 39 оқушы қатысып, себепті жағдайларға байланысты 5 оқушы қатыспады.