«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 «А» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Өмірбекқызының ұйымдастыруымен «Жас сиқыршылар» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.

Жалтыр ауылының #3 ЖОББ мектебінде Жас мамандар онкүндігі аясында ерекше әрі қызықты шара өтті!
3 «А» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Өмірбекқызының ұйымдастыруымен «Жас сиқыршылар» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. 
Сайыс барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын түрлі қызықты кезеңдерде көрсетті. Қатысушылар лабиринт, танграм, филворд сияқты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруге тырысты. Әр кезең балалар үшін нағыз ойлау мен логиканың сиқырлы әлеміне айналды.
Оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, командада жұмыс істеудің маңызын сезінді. Сайыс көңілді эмоцияларға, жаңа білімге және жарқын әсерлерге толы болды.
Осындай шаралар оқушылардың логикалық ойлауын, зейінін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.


Текст