«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақтандыруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша

Тамақтандыруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша

  2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы және мектеп директорларының ұсынысы бойынша мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау тамақтану сапасына әсер ететін баға демпингіне, сондай-ақ мектеп директорларының көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тікелей бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды.

Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталды (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).

Балалардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Ережеде қызметкерлердің білікті штаты бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған өнім берушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерінің өзіндік өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы) көзделген.

2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі енгізілді.

Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестері, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.

Өнім берушілердің жаңа балғын және табиғи азық-түліктерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін Ережеде өнім берушілердің мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) пайдаланылатын азық-түліктердің өз өндірісінің болуы үшін қосымша балл алуы және отандық өндірушілердің азық-түліктерін сатып алуы көзделген.

Тағамдардың, тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.

Өнім беруші Шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы өнім беруші жосықсыз деп жарияланады (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).

2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп алғаш рет балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір реттік мектепте тамақтанудың бірыңғай нормаларын әзірледі (2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ҮҚ).

Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттерді: дәрумендерді, минералдық заттарды және микроэлементтерді алуы ескерілген.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай - ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.

2019 жылдан бастап Министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектептік тамақтануын ұйымдастыруына камералық бақылау енгізді, ол объектіге бармай бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Министрлік Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тендерлік процедураларды электронды форматқа көшіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда қызмет көрсетуді ұсынуды мектептің қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастығының тұрақты түрде бақылау жасау мүмкіндігі заңмен  қарастырылған.Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады,құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.

Тамақтануды ұйымдастыру Ережесіне сәйкес қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, органолептикалық бағалауды жүргізеді.

Осылайша, қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктеріне балалардың тамақтану сапасына ықпал етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер әзірленді. Бүгінде, білім беру ұйымдары басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершілігінің деңгейі бірінші кезекте деп танылуы тиіс.

Осыған байланысты, мектептегі тамақтанудың сапасын арттыру жөніндегі Министрлік қызметінің негізгі бағыты тамақтану сапасын бақылау жөніндегі бракераждық комиссиялар қызметінің тәртібін кеңінен ақпараттық жария етуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналарын балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде бұзушылықтар анықталған кездегі одан арғы іс-әрекеттер туралы хабардар ету.

 

/public/files/2019/4/9/090419_174610_611-ot-16082017-san-pin.html

/public/files/2019/4/9/090419_174725_po-shkolam-po-saytam-meg.pdf

/public/files/2019/4/9/090419_174750_prikaz-598-ot-3110po-pitaniyu.zip

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

 

       «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

         1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.

         2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беруұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

    2) «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы                         21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                                      Е. Сағадиев       

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

____________________

2018 жылғы «____» __________                   

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________________

2018 жылғы «____» __________  

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»                                                  

Қазақстан Республикасының                                

Ұлттық экономика министрі

 __________________

2018 жылғы «____» __________         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


/public/files/2019/4/9/090419_175030_pi-12696-mon-pr-2018-prikazru28122018182430.docx

/public/files/2019/4/9/090419_175101_pi-12696-mon-pr-2018-pril-kaz28122018182433.docx

/public/files/2019/4/9/090419_175223_pi-12696-mon-pr-2018-pril-rus28122018182435.docx

/public/files/2019/4/9/090419_175322_po-novym-pravilam-59828122018182402.doc

/public/files/2019/4/9/090419_175351_po-shkolam-po-saytam-meg.pdf

/public/files/2019/4/9/090419_175421_prikaz-598-ot-3110po-pitaniyu.zip

Жаңартылған күні: 09.04.2019 22:35
Құрылған күні: 09.04.2019 22:35

Текст