«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің кәсіби бағдар беру бойынша жұмысы

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІҢ МЕКТЕПТЕ КӘСПТІК БАҒДАР БЕРУ    ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ    ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      Кәсіби бағдар – кәсіп алды дайындық компоненттері сияқты оқушылардың болашақ бағыты мен оқу орындарын тандау мәселесін шешуге көмек бере отырып олардың әлеметтік, кәсіби және мәдени дайындығын арттыру.  Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру  тек қана жоғары сыныпқа келгенде ғана емес, әрбір пән мұғалімі сабақ өткізу кезіңде оқушылардың қабілетіне қарай кәсіби бағыттап отыруы керек. Кәсіптік оқу пәндері – бұл оқудың нақты бағытындағы  мазмұңы мен мамандығын анықтайтын типтік оқу жоспарларыңда көрсетілген  жалпы білім пәндері. Білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. 

      Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы тандап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.  Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

 - оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

-         түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

— кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.                                                 

      Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру — бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «… әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген [1].  

      Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары кластарда тқалыптасады, бұл кезеңде оқушыларда танымдық қызығушылық дамиды, жеке мәнді мақсат қоя білу талабы, кәсіби мүдде пайда болады. Алайда, жалпы практика талдауы көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын нашар біледі. Бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тануы арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Жеке тұлғаның барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, оларды салауатты өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жоғары сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуына психолог мамндар көмек көрсетуі керек  [2].                                 

     Кәсіби бағдар беру- жастардың қабілеті, қызығушылығы, икеміне байланысты және қоғамдық сұраныстарға сәйкес бағытталған қызмет түрі.

     Кәсіби бағдар берудің практикалық жағы- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, мекмелер мен өндіріс орындарының қызметінен тұрады.

    Кәсіби бағдар беру теориясын осы бағытқа тиімді кәсіби бағдар қызмет етуге арналған көзқарас-идеялар құрайды. Ол- біртұтас заңдылықтар жайлы көзқарас және өзінің қызығушылығына байланысты өзіндік кәсіби анықталуына жол беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.

    Оқушыларды психологиялық дайындықта еңбекке және саналы түрде кәсіп таңдаудағы басты ролді мектеп атқарады. Мектептің барлық кәсіби бағдар беру жұмысының орталық құрылымдық элементі болып кәсіби ақпарат табылады.

    Онымен біз ұйымдастырумен оқу-тәрбие жұмыстарын өткізуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық жағдайларда мамандықты дұрыс таңдауды, оқушылардың қажетті білім өрісін игеруді түсінеміз.

    Кәсіби ақпарат мектептегі барлық оқу-тәрбиелік жұмыстар жүйесімен тығыз байланысқан. Оның басты мақсаты оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға дайындау, келешекте жан-жақты және гормониялық тұлға ретінде дамуын, өзіндік еңбек қызметіне қадамын қамтамасыз ету.

    Қазіргі уақытта мектептерде жүргізіліп жатқан кәсіби ақпарат жұмыстары жақсы нәтиже беріп отыр.онда оқушылар кәсіби қызметтерінің түрлерімен танысады, оларда материалды өндіріске, қызмет көрсетуге және т.б. кәсіптер саласына деген қатынас қалыптасады. Кейбір жағдайларда әлеуметтік беделдігіне байланысты кәсіп таңдау тенденциясы әлсірейді. Бірақ, кәсіби ақпарат жұмысы өзіне жүктелген мүмкіндікті толығымен жүзеге асырмайды.                          

    Кәсіби бағдарды кәсіби кеңес беру, кәсіби тәрбие, кәсіби адаптация, кәсіби ағарту, кәсіби диагностика, кәсіби іріктеу құрайды. Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерттеуші ағымның ғалымы Ф.Гальтон. Лондондағы өткен халықаралық медициналық жабдықтаудың көрмесінде ол 17 түрлі көрсеткіштермен қабылдаған. 1908 жылы қаңтар айында жастарға кәсіби бағдар беру бюросы өз қызметін бастап, мамандық таңдауға көмек көрсетілді.

     Оқушылар  көбінесе шешім қабылдарда қоғам көзқарасына көбірек бейімделеді, өз ойлары мен шын ниеттерін сыртқа шығара алмайды. Яғни, кәсіби түрде өзін-өзі анықтау,  тану үрдістері жүрмейді.  Өзін-өзі кәсіби анықтау –тұлғаның кәсіби әрекетінің толық мерзімін қамтиды, бірақ оған дейін келесі кезендер бар. Кәсіпті алғаш рет тандау (кіші мектеп жастағы оқушыларға тән): берілген кәсіп түріне қажетті мамандық әлемі жайында аздифференцияланған түсінік, ішкі ресурстар жайындағы түсінік,  мамандыққы деген ниеттердің, қызығушылықтардың бірқалыпсыздығы. Ал кәсіби өзін- өзі тану үрдісі – субьектінің кәсіби бағдар беру  факторларымен байланыс құрайды, субьект әрекетінің көбеюімен түсіндіріледі. Осы әрекетке қатысты кәсіби өзін-өзі тану, оның компоненті ретінде қалыптасқан[3].

    Оқушыларға жақсы ықпал ету үшін ол, өзіндік мазмұны бойынша кәсіби графикалық болып, олардың танымдық қажеттіліктеріне негізделуі керек. Оқушыларға жұмысшы тұлғаның алдына қойылатын талаптардың мазмұнын ашып, кәсіпкердің әлеуметтік-экономикалық мағынасын айтып қана қоймай, оның қысқаша психофизиологиялық сипаттамасын беру қажет.

    Көптеген жағдайларда кәсіп туралы ақпараттың ұнамды жақтары ғана айтылады, оқушыны шатастыратын, теріс пікірлері келтіріледі. Көптеген мамандардың шығармашылық элемменттері, әсіресе жұмысшылардың, шығармашылық процесті тікелей көруге мүмкіндігімен жасырынған. Бірақ, шығармашылық-объектіге немесе еңбек затына тән сапасы немесе қасиеті емес, ол қызмет ерекшелігі және оны оқушыларға көрсете білу қажеттілігі.

     Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

     Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне  мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы  болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық тандауға бағыттау мәселесі бүгінгі  жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды  мәселелер қатарыңда тұр.

      Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін  оқу орындарының басты мақсаты- мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік  білім кеңістігіне ене отырып,  бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі танда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

      Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық  жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің  басты мақсаты:  Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін –өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада  өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл,  білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру», -деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар мектеп түлегінің негізгі құзырлығы құндылықты–бағдарлы, мәдениет –танымдық,  оқу –танымдық  комуникативті, ақпараттық –технологиялық, әлеуметтік –еңбек және тұлғаны өзін- өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығында  белгіленген.

      Кәсіби  бағдарлау бойынша  ақпарат беру. Оқушылардың  мамандықтар аясы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе. Кәсіби бағдарлау бойынша  тандау курстарын  ұйымдастыру. Ол оқушыларды бағдарлы сыныптың  бағытын таңдауға негіз болатындай мақсатты көздеуге қызмет ету керек. Психологиялық көмек  беру. Оқушылардың өз мумкіндіктерін тануына  бағыт бағдар беру. Құзыреттілік тұрғысынан білім берудің басты ерекшелігі  дайын білімді игерту  емес, бұл білімді  өз бетімен игеруге, оны  практикада  қолдана білуге жағдай туғызу[4].

      Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.

      Адам қабілеттілікке қоршаған табиғатқа, әрбір адамның өзін-өзі шыңдауға байланысты, адамның әлеуметті бейімделген қызметі деп қарау қажет. Сол себепті де К.К.Платонов «Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ оның белгілі бір қызметке қатысына қарай анықталады».

     Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.

    Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы, адамның абстракты ойлау жүйесі күшті дамыған болғанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.

 

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:50
Құрылған күні: 05.11.2019 17:45

Текст