SARS-CoV-2 (ағылш. Severe acute respiratory syndrome coronavirus 2), бұған дейін 2019-nCoV (ағылш. 2019 novel coronavirus)[1][2], ,[3] тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыратын, адамнан адамға берілетіні дәлелденген жұқпалы вирус. Алғаш рет Ухань (Хубэй, Қытай) билігі анықтаған, қазіргі таңда жалғасып жатқан COVID-19 індетінің қоздырғышы[4].
Алғашқыда індет ошағы теңіз өнімдері мен мал базарында анықталды деп хабарланғандықтан, вирус зоонозды инфекция болуы мүмкін деген болжам пайда болды, алайда әлі расталмады[5]. Осы вирус пен басқа да белгілі вирус түрлерінің генетикалық құрылымын салыстыру барысында, оның SARS-CoV (79.5%)[6] және әзірге байланысы зерттеліп жатқан жарғанат коронавирусының (96%) құрылымына ұқсайтыны анықталған[6][7][8][9].
2019 жылы, желтоқсанның басында инфекция алғаш рет адамнан анықталды. Молекула сағатын қолдану арқылы анықтауда инфекцияның туындау уақыты шамамен сондай не одан ертерек екені белгілі болды[10]. 2019-nCoV ошағы желтоқсанның ортасында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Жарияланған геном негізінде филогенетикалық зерттеу жүргізіліп, инфекицяның вирус жұқтырған жануардан берілуі мүмкін деген болжам туындады[1