«ТУҒАН ЖЕРІМ: БҮГІН → ЕРТЕҢ»

«ТУҒАН ЖЕРІМ: БҮГІН → ЕРТЕҢ» 4 «А» сынып оқушылары туған ауылымыздың бүгінгі келбетіне назар аударып, оның болашағын өз көзқарастарымен елестетті. Балалар ауылдағы таныс орындарды суретке түсірді. Оларды қалай көркейтуге болатыны туралы өз идеяларын ұсынды. Ал жасанды интеллект сол идеяларды «ЕРТЕҢ» бейнесіне айналдыруға көмектесті. АРМАН → ИДЕЯ → ЖИ → БОЛАШАҚ Көрмеде «БҮГІН → ЕРТЕҢ» форматындағы 10 жұмыс, балалардың өз қолымен жазған «Менің идеям» ойлары, «Таза ауыл – біздің қолымызда!» экологиялық бағыты және ауылға арналған тілектер ұсынылды. Жобаның басты ойы: ЖИ болашақты елестетуге көмектеседі, ал сол болашақты жасайтын – өзіміз! Бір мекен. Бір тарих. Жаңа көзқарас. Ауылымыздың болашағы – біздің қолымызда!