Текст
2021 жылдың 25 қарашасында Көкшетау гуманитарлық-техникалық Академиясының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Мауль Юлия Михайловна 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушылар ЖОО мен КГТ колледжінде алатын мамандықтар туралы, оқу мерзімі, ОҚУ ШАРТТАРЫ,мемлекеттік және басқа да гранттар туралы білді. Юлия Михайловна білікті профессорлық-оқытушылық құрам, мамандандырылған зертханалары бар заманауи материалдық-техникалық база, халықаралық академиялық алмасулар шеңберінде шетелде оқу мүмкіндігі, әлеуметтік осал топтардан шыққан жастарды қолдау және тағы басқалар туралы айтты.