Ұйымдар тізімі
Ағылшын тілінің онкүндігі аясында "Sights of London"тақырыбында қабырға газеттерінің конкурсы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты-оқушылардың Лондонның көрікті жерлері туралы білімдерін кеңейту, ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын дамыту, танымдық белсенділікті қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту.
Байқау барысында оқушылар Лондонның көрнекті жерлеріне арналған мазмұнды, түрлі-түсті безендірілген және қызықты қабырға газеттерін ұсынды. Жұмыстар шығармашылық тәсілмен, сауаттылықпен, дизайн эстетикасымен және танымдық құндылығымен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Гран-при-8" А " сыныбы;
1 орын-9 "Б", 7" А " сыныптар;
2 орын-8 "Б", 5" Б " сыныптар;
3 орын-7 "Б", 9" А " сыныптар.
Байқау оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыруға, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, материалды көрнекі және шығармашылық түрде ұсына білуге, сондай-ақ мәдениет пен көрікті жерлерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті


Сынып сағаты "Тәуелсіздік күні"