«Тіл – татулықтың тірегі» онкүндігі аясындағы апта қорытындысы
Бір апта бойы ана тілімізді дәріптеп, тілдің достық пен бірлікті нығайтудағы маңызын насихаттайтын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар өз білімдерін сынап, бірнеше тілде сөйлеп, қызықты тапсырмалар мен белсенді ойындарға қатысты. Әр тіл — өз алдына бір әлем, ал барлық тілді құрметтеу — бірлігіміздің белгісі. Аптамыз қызықты сәттерге, жаңа білімге және жақсы көңіл-күйге толы болды! Тіл — татулықтың тірегі, бірліктің бастауы!

