«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты конференция

"Жалтыр ауылының №3 ЖОББ" мектебінде Тілдер күніне арналған онкүндік аясында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты конференция өтті. Конференция барысында қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, ғылыми мұрасы және ұлттық тілдің дамуына қосқан үлесі кеңінен сөз болды. Іс-шараға ұстаздар мен білім алушылар қатысып, ғалымның өнегелі өмірі мен тағылымды еңбектері туралы ой бөлісті. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ тіл білімі мен әдебиетіне қосқан үлесін таныту, білім алушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кожамжаров А.Ж