« ДАРЫНДЫ ДОДА » интеллектуалдық ойын 7-9 сыныптар
2019-2020 оқу жылы
«Дарынды дода» интеллектуалды білімділер сайысы
7,8,9 сыныптар
Сайыс мақсаты: Ең үздік, жан – жақты, білімді, ойы ұшқыр оқушыларды анықтау және күнде көріп жүрген құбылыстардың барлығы тікелей физика пәніне қатысы бар екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
Мұнда қарастырылатын сұрақтар – математика, физика пәндерінің сұрақтары.
Мұғалімдерге осындай танымдық ойындар өткізуде кәдеге асар деген ниетпен ойынның жоспарын ұсынып отырмын.
1.Ойынға қатысушыларды ойынның негізгі шарттарымен таныстыру.
Сайыс 4 негізгі кезеңнен тұрады.
1 – кезең «Формулалар» А4 қағазына « Механика » « Динамика » «Термодинамика» деп жазылған қағаз беріледі. Қағазға тақырыпқа сай формулалар жазылады.
2 – кезең « Көлемді анықта » оқушыларға алдын ала дайындалған мензурка арқылы денелердің көлемін анықтау тапсырылады. Ал оқушылар мензурканы сумен толтыру қажет ол үшін әр оқушыға 3 кішкене шай қасықтан беріп сумен толтыруға болатыны ескертіледі.
3 – кезең « Жылдам есепте » Оқушыларға 1 тапсырмада жазылған формулаларды падаланып есеп шығару тапсырылады.
4 – кезең « Басып оз » бұл кезеңде топтар жылдам қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді
3- кезең тапсырмалары :
Механика
1. Бірқалыпты қозғалыстағы тепловоздың рельстегі қысым күші 25*106Н, үйкеліс коэффициенті 0,03 болса, тарту күші
А) 75 Н С) 7 кН
В) 75 кН Д) 750 кН Е) 0,75 кН
2. Сыйымдылығы 15 м3 аквариумға су құйылған . Аквариумдегi судың массасы қандай? Судың тығыздығын 1000 кг/м3 тең деп алыңдар.
А. 15000 кг B. 0,015 кг
C. 15 кг D. 1000 кг Е. 2000 кг
3. 2Н күштің әсерінен серіппе 4 см-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы
А) 2 Н/м С) 50 Н/м
В) 0,5 Н/м Д) 0,08 Н/м Е) 0,02 Н/м
4. Массасы 200 г дене горизонталь тақтада бірқалыпты орын ауыстырғанда динамометрдің көрсетуі 0,6 Н болса, үйкеліс коэффициенті
(g =10м/с2)
А) 0,2 С) 0,4
В) 0,3 Д) 0,12 Е) 0,5
5. Қатаңдығы коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш
А) 1 Н С) 10 Н
В) 50 Н Д) 5 Н Е) 100 Н
6. Автомобиль 2 сағат ішінде 120 км жол жүрді.Автомобильдің жылдамдығы неге тең?
А. 240 км/сағ... В. 60 км/сағ...
С. 122 км/сағ... Д. 118 км/сағ... Е. 242 км/сағ..
7. 8кг керосин сиятын ыдыстың көлемі неге тең? Керосиннің тығыздығы 800кг/м3.
А.100м3 В. 0,01м3
С. 10м3 Д. 0,1м3 Е. 0,001м3
Термодинамика
1. Изотермиялық процесс кезінде газға 2*108Дж жылу мөлшері берілген . Ішкі энергияның өзгерісін анықтаңыз
А) 6*108Дж В) 108Дж С) 2*108Дж Д) 0 Е) 4*108Дж
2. Газға 100 Дж мөлшері берілген, ал сыртық күштердің жұмысы 300 Дж. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі
А) 400 Дж В) 200 Дж С) 0 Д) 500 Дж Е) 100 Дж
3. Балқу температурасында алынған, массасы 4 кг қорғасынды балқытуға қажет жылу мөлшері ( )
А) 0,1*105Дж В) 1*105Дж С) 1*106Дж Д) 104Дж Е) 0,25*105Дж
4. Қолданылатын қыздырғыштың температурасы 5270С және салқындатқыштың температурасы 270С болса, онда жылу машинасының мүмкін болатын ең жоғарғы ПӘК-і
А) 0,63 В) 0,73 С) 0,38 Д) 0,05 Е) 0,95
5. Массасы 5 кг алюминийді балқытуға қажетті жылу мөлшері ( )
А) 200 кДж В) 2 кДж С) 2 МДж Д) 1 кДж Е) 40 кДж
6. Температурасы 1000С, массасы 2,5 кг су буы конденсацияланғанда бөлінетін жылу мөлшері ( )
А) 37 кДж В) 27 кДж С) 40 кДж Д) 5760 кДж Е) 2720 Дж
7. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780 Дж/кг0С 1 кг темір кесегін -50С-тан +50С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері
А) 780 Дж В) 7800 Дж С) 15000 Дж Д) 3900 Дж Е) 390 Дж
Динамика
А) 500 кг С) 50 кг
В) 2 кг Д) 100 кг Е) 0,5 кг
2.Массасы 200 г денені 1,5 м/с2 үдеумен қозғалысқа түсіретін күш.
А) 7,5 Н В) 300Н
С) 0,03 Н Д) 75 Н Е) 0,3 Н
3. Дене 20Н күш әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алады. Оның массасы
А) 20 кг С) 30 кг
В) 60 кг Д) 50 кг Е) 40 кг
4. үдеумен тік жоғары қозғалған лифте тұрған 60 кг адамның салмағы (g = 10м/с2)
А) 240 Н С) 600 Н
В) 840 Н Д) 0 Е) 360 Н
5. Массасы 8 кг дене 0,5 м/с2 үдеу алғандағы әсер күші
А) 40 Н С) 400 Н
В) 200 Н Д) 20 Н Е) 4 Н
6.Массасы 8 т ғарыш кемесі массасы 20 т орбиталық ғарыш бекетіне 100 м ара қашықтыққа жақындайды. Олардың өзара тартылыс күші
(G=6.67*10^-11 )
7.Әрқайсысының массасы 3000 т екі көлік бір-бірінен 2 км қашықта тұр . Олардың арасындағы тартылыс күші
(6=6.67*10-11Н*м2/кг)
А) 0,6 мН С) 1 мН
В) 0,5 мН Д) 0,25 мН Е) 0,17 мН
4 – кезең тапсырмалары:
1. Қайсысы физикалық дене?
2. Қайсысы зат болып табылады?
3. Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?
4. Заттың үш күйде болуының себебі неге байланысты?
5. Аспан денесін көрсет:
6. Дененің қозғалысына байланысты құбылыстарды қай теория зерттейді?
7. Физикалық шаманы көрсет:
8. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:
9. Физика пәні нені зерттейді?
A. Техниканы зерттейді.
B. Аспан денелерін зерттейді.
C. Табиғат құбылыстарын зерттейді.
D. Атомдар мен молекулаларды зерттейді.
10. Өлшеудің ең үлкен қателігі неге тең?
1. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтағы еркін қозғалуы қандай қозғалыс
2. Жарық күннен Жерге қанша уақытта жетеді?
3. Жарықтың жылдамдығын көрсет:
4. Әл-Фараби қай жылдары, қай қалада өмір сүрген
5. Күн жүйесіндегі 9 планетаны Күннен қашықтауына қарай ретімен көрсет.
6. Күн бетіндегі температура неше градус?
7. «Физика» атауы нені білдіреді?
A. Табиғат
B. Адам
C. Қоғам және техника
D. Космос
E. Жануарлар мен өсімдіктер
8. Тұңғыш қазақ ғарышкері-
A. Т. Мұсабаев B. Т. Әубәкіров
C. Ю. Гагарин D. Н. Басов
9. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
A. Микроскоп
B. Телескоп
C. Лупа
D. Бинокль
10. Материя дегеніміз -
A. Тастар B. Ағаштар C. Өсімдіктер D. Табиғаттағы кез-келген зат
1. 5кН-да неше Н бар?
A. 50 Н B. 0,5Н C. 500Н D. 5000Н
2. Молекула дегеніміз -
A. Заттың химиялық қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
B. Заттың құрамдас бөлшегі.
C. Заттың ұсақ бөлшектері.
D. Заттың химиялық элементтерінің қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
3. Диффузия құбылысы дегеніміз -
A. Бөлшектердің тез қозғалысы.
B. Газдағы (сұйықтағы) бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
C. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
D. Бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
4. Табиғатта заттың неше күйі кездеседі.
A. 1
B. 2
C. 3
D. 4
5. Температура нені сипаттайды?
A. Дененің қозғалыс әрекетін.
B. Дененің жылдамдығын
C. Дененің ыстық, суық екендігін.
D. Дененің қызулық дәрежесін
C. Өсімдіктер D. Табиғаттағы кез-келген зат
6. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
A. Микроскоп B. Телескоп
C. Лупа D. Бинокль
7. 6кН-да неше Н бар?
A. 50 Н B. 0,5Н
C. 500Н D. 6000Н
8. Молекула дегеніміз -
A. Заттың химиялық қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
B. Заттың құрамдас бөлшегі.
C. Заттың ұсақ бөлшектері.
D. Заттың химиялық элементтерінің қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
9. Диффузия құбылысы дегеніміз -
A. Бөлшектердің тез қозғалысы.
B. Газдағы (сұйықтағы) бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
C. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
D. Бөлшектердің баяу қозғалысы.
E. Бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
10. Табиғатта заттың неше күйі кездеседі.
A. 1 B. 2
C. 3 D. 4