Ұйымдар тізімі
Жас мамандар онкүндігі аясында мектебіміздің мектепалды даярлық сыныбында 1 сәуір – Күлкі күніне арналған «Күлкі күні» тақырыбында сынптан тыс іс-шара өткізілді
Балалармен көңілді ойындар ұйымдастырылып,олар жұмбақтарды қызыға шешіп, тапсырмаларға белсенді қатысты. Ерекше қызығушылық тудырған шығармашылық жұмыс барысында балалар бөлшектерді қиып, клоун жасап, өз жұмыстарын көрсетті
Сондай-ақ ойын бағдарламасы өтіп, достық сайыста бірінші орынды ұлдар командасы иеленсе, құрметті екінші орын қыздарға бұйырды
Заманауи технологияларды қолдану аясында жасанды интеллект көмегімен жұмыс жүргізілді. Балалар сыныпта сирек күлімсірейтін оқушының фотосын «жандандырып», оған күлкі сыйлады
Бұл жұмыс технологиялардың эмоцияны ашуға және жағымды көңіл-күй қалыптастыруға көмектесетінін көрсетті.
Іс-шара өте көңілді, қызықты өтіп, балаларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады


Сынып сағаты "Тәуелсіздік күні"