«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Открытый урок Нажук Е.А

Бекітемін:
Педагогтің Тегі, Аты,Әкесінің аты Нажук Ербол Алмазұлы
Пән/Сынып:     геометрия 9 «А» сынып.     Қатысқандар саны:          Қатыспағандар саны:
Күні: 27.11.2024ж
Бөлім: 9.2А Жазықтықтағы түрлендірулер 
Сабақтың тақырыбы: Ұқсас фигуралар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 9.1.4.13  ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу;
Сабақтың  мақсаты: Үшбұрыштар ұқсатығын қолданып келесі үшбұрыштың әлементтерін таба білу
Сабақ барысы:
Уақыты/Кезеңдері Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
5 минут
Ұйымдастыру Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
-ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу;
Миға шабуыл сұрақтары 
І. 1. Бұру түрлендіруі дегеніміз не? 
2. Тең фигуралар гомотетиялы бола ма? 
ІІ. 1. Қандай фигураларды бұру түрлендіруі арқылы өзіне-өзін бейнелеуге болады? 
2.  1. Параллель көшіру дегеніміз не? 
2. Гомотетия трапецияны қандай фигураға бейнелейді? 
ІҮ. 1. Параллель көшіру түрлендіруі кезінде өзіне-өзін көшетін, яғни өзгермейтін нүкте табыла ма? 
2. Гомотетия дегеніміз не? 
Ү. 1. Қозғалыс дегеніміз не? 
2. Гомотетияның негізгі қасиеттерін ата. 
ҮІ. 1. Осьтік симметрия деген не? 
 Қызығушылығын дамыту
а). Фигураларға қара. Аттарын ата.
 
 
ә) Ауызша есептеулер.       1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс? 
А). Тіктөртбұрыштың  ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.
Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.
Амандасады, тақырыпты жазады.
 
 
 
 
Слайд
 
Тақта
 
 
Циркуль
 
 
Сызғыш
 
 
Қарындаш
 
 
10 мин
Жаңа сабақ  
Суретте ABC және A1B1C1 үшбұрыштары кескінделген. Сәйкес қабырғаларының қатынасы 2-ге тең. Яғни:
ABC және A1B1C1 үшбұрыштары өзара ұқсас болады. Ал ұқсастық коэффициенті 2-ге тең.
Егер F фигурасын F1 фигурасына бейнеленгенде олардың сәйкес нүктелерінің арақашықтықтары бірдей қатынаста өзгерсе, онда F фигурасы F1 фигурасына ұқсас.
Белгіленуі: F∼F1.
Яғни F фигурасының A мен B нүктелері F1 фигурасының A1 мен B1 нүктелеріне бейнеленіп, k ∙ AB = A1B1 теңдігі орындалса, F мен F1 фигуралары ұқсас деп аталады. Мұндағы k саны – ұқсастық коэффициенті және k > 0.
k = 1 болғанда нүктелердің арақашықтығы өзгермейтін болғандықтан, қозғалыс ұқсастық түрлендірудің дербес жағдайы болады.
Ұқсас фигуралардың қасиеттері
1. Ұқсас фигуралардың сәйкес бұрыштары тең, ал сәйкес қабырғалары пропорционал болады;
2. Кез келген фигура өзіне-өзі ұқсас және ұқсастық коэффициенті 1-ге тең. Яғни, F ∼ F, k = 1;
3. Тең фигуралар өзара ұқсас болады және ұқсастық коэффициенті 1-ге тең. Яғни:
F = F1 ⇒ F ∼ F1, ⠀k = 1.
4. Егер F1 фигурасы F2 фигурасына ұқсас және ұқсастық коэффициенті k-ға тең болса, онда F2 фигурасы F1 фигурасына ұқсас және ұқсастық коэффициенті
-ге тең болады.
5. Егер F ∼ F1, ұқсастық коэффициенті k1 және F1 ∼ F2, ұқсастық коэффициенті k2 болса, онда F ∼ F2, ұқсастық коэффициенті k1 ∙ k2 болады
Үшбұрыштар ұқсастығының негізгі үш белгісі бар:
1. Бұрыш-бұрыш (ББ) белгісі: Егер бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар ұқсас болып табылады.
2. Бұрыш-қатынас-бұрыш (БҚБ) белгісі: Егер бір үшбұрыштың бір бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес бір бұрышына тең болып, ал сол бұрышқа жанасатын қабырғаларының қатынастары тең болса, онда бұл үшбұрыштар ұқсас болады.
3. Қатынас-қатынас-қатынас (ҚҚҚ) белгісі: Егер бір үшбұрыштың барлық үш қабырғасының ұзындықтарының қатынастары екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғаларының ұзындықтарының қатынастарына тең болса, онда бұл үшбұрыштар ұқсас болады
Сұрақтарға жауап береді
 
 
 
 
 
 
 
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қажетті анықтамаларды жазып, сызбаны сызады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушылар гомотетия анықтамасын, ұқсастық коэффициентін түсінеді.
С
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сызбаларды сызады.
Слайд
 
Тақта
 
 
Циркуль
 
 
Сызғыш
 
 
Қарындаш
 
 
 
 
 
15
минут
 
Бекіту тапсырмасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Кемемен саяхат»  тәсілі
\Есептер шығару\
Карточка1
 
 
 
 
\Есептер шығару\
Карточка2
Ұқсас фигураларды табу және дәлелдеу
  Дескриптор:
-үшбұрыш салады
-ұқсастық анықтамасы бойынша белгісіз қабырғаларын табады.
-ұқсастық коэффициентін қолданады.
ҚБ:  
Бағалау парағына балл қосады Слайд
 
Тақта
 
 
Циркуль
 
 
Сызғыш
 
 
Қарындаш
 
10мин
Жеке жұмыс Тапсырманы орындайды Бағалау парағына балл қосады Оқулық пен оқу құралдары
5 минут
 
 
 
 
 
Кері байланыс
Кемемен саяхат әдісі бойынша барлық алған балдарды санайды 
Бүгінгі сабақта:  
-ұқсас фигуралардың анықтамасы және қасиеттерін білді.                                                                                                                             - Үйге тапсырма: №7,8
 
Тақырыпты меңгергенін анықтау
 
 
Кері байланыс жасайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Презентация 
 
 
 
 
 
Жаңартылған күні: 10.01.2025 13:17
Құрылған күні: 10.01.2025 13:19

Текст