«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚМЖ математика пәнінен тақырыбы "Теңдеу және оны шешу тәсілдері" 4 сынып мұғалімі Шынтемір Д.Ш.

Сабақтың тақырыбы: 
Теңдеу және оны шешу тәсілдері 
Мақсаты: Теңдеу ұғымын танытуды жалғастыру. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді. 
Міндеті: 1. Теңдеу шешу тәсілін меңгеру. 
2. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғыну. 
3. Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйрену. 
Күтілетін нәтиже: 1. Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. 
2. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады. 
3. Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді. 
Модульдің қамтылуы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық. 

Әдіс-тәсілдер:  Миға шабуыл, математикалық диктант, «Кім жылдам?», “3 таяқша” әдісі, «Бірге ойлаймыз» әдісі, «Бір сөзбен» әдісі 

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Алтын ереже, суреттер, А3 формат, түсті қағаздар , түрлі-түсті маркер, стикер. 

Дереккөздер: Математика 4-сынып. Ақпараттық ғаламтор желісі 

Уақыты Кезеңі Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
2 минут Ұйымдастыру Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. 
Болам десең – ғарышкер, 
Болам десең – дәрігер, 
Болам десең – инжинер, 
Ең керегі – математика. 
Математика өмірде- 
Бар білімнің патшасы. 
Қатарға бөлу. 


Парталарі арқылы 3 қатарға бөліну. 

2 минут Үй тапсырмасын сұрау Шешу: 10500:5=2100 
2100+1670=3770 
10500-2100-3770= 5630 

Жауабы: Әдебиет-2100 
Көркем әдебиет-3770 
Қалғаны-5630 Үйге берілген тапсырмаға байланысты оқушылар жауаптарын оқиды. 
Жаңа білімді меңгеру кезеңі 
4 минут 

Теориясы: 
«Білу» 
(бір нәрседен хабардар болу, еске түсіру) 

(122+18):70= Е 
(64:8+20):7= Е 
20•(26+14):100= Ң 


1•(30+2)-4•4= Д 
5•4+12= Т 
400-300-36= У 
32 4 8 16 2 64 



“3 таяқша” әдісі 
Берілген тақырыпқа байланысты 
1 сұрақ 
1 жауап 
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. 
1 сұрақ 
Теңдеу дегеніміз не? 
1 жауап 
Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі яғни теңдеудің шешуі 
1 идея 

Топ болып амалдарды орындап, жаңа сабақтың тақырыбын ашады. 

“3 таяқша” әдісі 
бойынша оқушылар жауап береді. 

Оқушылар теңдеу туралы өз ойларын айтады. 
5 минут «Түсіну» 
(өз түсінігі негізінде әрекет етеді, түсіндіреді) 
№1 
Теңдеулерді шеш және тексер: 
І-қатар: 
х+20•8=2600 
х-560:7=20000 
ІІ-қатарға
40•6+х=9400 
3090:10-х=209 
ІІІ-қатар 
х•(40:4)=12600 
х: (36+64)=543 



4 минут «Қолдану» 
(алған білімін қолдана отырып, проблеманы шешу) 
№2 
І-қатар
12+b=72:2 
ІІ-қатар 
а:10=960:2 
ІІІ-қатар
(х+20):5=6 
3 минут Сергіту сәті Ой сергіту Оқушылар шапшаң ойлау қабілеттерін көрсетеді. 
7 минут «Талдау» 
(талдайды, салыстырады, айырмашылығын табады) №3 
«Бірге ойлаймыз» әдісі. 

3см+3см+х см 
3 см+3 см +х см:4 

№4 
Математикалық диктант 

а:80•5 
(90+с)•60 
70:5+42:х 
(984+324):(а+412) Оқушылармен бірге түсіндіре отырып, өрнек құру. 

Оқушылар диктантты жазып, интер.тақтадан тексереді. 
7 минут «Жинақтау» 
(ақпаратты жинақтайды, ойлап табады) №5 
Басқұр-3м 
Қыл арқан- ? 5есе қысқа 
Ш:3*5=15 

ә)х:3=5 
х:5=3 
Тақтамен жұмыс 

№7 
Қалдықпен бөлуді орында және тексер 
Топбасшылар жарысы Оқушылар осы сабақта өздеріне не маңызды болғанын жазады. 
5 минут «Бағалау» 
(бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады) «Детальдарын қосу» әдісі. 
№8 
Фигураның ауданын тап 

Оқушылар топта бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді. 

2 минут Бағалау Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау. 
«5»-13-14 балл 
«4»- 10-12 балл 
«3»-5-9 балл 
Бағалау парағын толтырады 
1 минут Үйге тапсырма 
№9 
Амалдарды орындау 
Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады 

3 минут Кері байланыс «Бір сөзбен» әдісі - 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, теңдеу, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.04.2021 16:15
Құрылған күні: 14.06.2022 09:40

Текст