«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақпарат әлеміне» саяхат (5-6 сыныптар).Мұғалімі Рашитов Н.Н.

«Ақпарат әлеміне» саяхат

(5-6 сыныптар)

 

 

Сайыс сабақтың тақырыбы:   «Ақпарат әлеміне» саяхат.

Мақсаттары:

1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сыйлықтар.

Сабақ түрі: сыныптан тыс

 

Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымдастыру.
Командалар
І топ –
ІІ топ –

Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
1. Кім жүйрік?
2. Жұмбақтарды тап
3. Қас-қағым сәт
4. Адасқан әріптер
5. Кім тапқыр?
6. Кім жылдам?

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика әлемінде» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім жүйрік?» деп аталатын
І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4 сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.
1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)
 

 


II топ.
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? ( Ентер)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)
Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

“ Жұмбақтарды тап” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.
1 - топ
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
2 - топ
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, - дей келе

 

ІІІ бөлімді бастайық « Қас-қағым сәт»  топтарға 1 минут ішінде 15 сұрақ қойылады, әр топ осы 1 минут ішінде қойылған сұраққа тез әрі дұрыс жауап берулері тиіс. Егер сұраққа жауап жоқ болса «келесі сұрақ» деп белгі берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Сайыс ережесі түсінікті ме? Егер түсінікті болса сайысымызды бастайық!

Бірінші 5 «А» сыныбы тобын ортаға шақырайық!

1. Баспақұрылғысы (принтер)

2.     Компьютер теледидары (монитор)

3.     Үлкентемірқорап (жүйелік блок)

4.     Зиянкесбағдарлама (вирус)

5.     Таңбалар мен сигналдаржиыны (ақпарат)

6.     Ақпараттықпроцестізерттейтінғылым (информатика)

7.     Информатика өлшембірлігі (бит, байт)

8. Суретсалуғаарналғанбағдарлама (Paint)

9. Вирустытауыпжоятынбағдарлама (Антивирус)

10. Қарапайымесептеулержүргізетін программа (Калькулятор)

11. Бірбайттақанша бит бар? (8)

12. Компакт-дискініоқуғаарналғанқұрылғы (CD-ROM)

13. Дүниежүзілік компьютер арасындағыбайланысжелісі (интернет)

14. Еңалғашқыпрограмманыжазғанадам (Ада Лавлейс)

15. 1946 жылы АҚШ-та жасалғанбіріншісандықесептеуіш машина (Еniac)

 

Жүргізуші:

Ортаға 6 «А» сыныбытобыншақырайық!

Дайынболсақбастайық! Сәттілік!

1. Ақпараттыңөлшембірліктері (бит, байт, кбайт, мбайт)

2.     Компьютердіңнегізгіқұрылғысы (жүйелік блок)

3.     Құжаттардыкөшірмелеуқұрылғысы (ксерокопия)

4.     Дербескомпьютердіңкішкентайқұрылғысы (тышқан)

5.     Мәтіндік редактор (Word)

6.     Дыбысестілетінқорап (колонка)

7.     Мәліментенгізуқұрылғысы (пернетақта)

8.     Компьютердіңмаманы (программист)

9.     Бүкіләлемдікжелі (интернет)

10. Компьютердівирустанқорғайтынбағдарлама (антивирус)

11. Тарихтағыеңбірінші вирус (Моррис)

12. Еңсезімсіз вирус (ЗарА)

13. Ақпараткөлемінкішірейтугеарналғанбағдарлама (мұрағат)

14. ЭЕМ-нің ІІ- буынықайжылдардықамтиды? (1958-1964)

15. ІІ- буын ЭЕМ-деріндеқолданылды? (жартылайөткізгіштер)


Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
ІІІ кезең бойынша топтардың ұпайын санаймыз.

Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру, әр топқа 4 сұрақтан. 4 минут уақытберіледі. Дұрысжауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу

Жүргізуші:


V. «Кімтапқыр?»аттыбесіншікезеңіміздібастайық. Берілгенторкөздердегіәріптерденкімжылдамжәнеинформатикағақатыстыатауларынтабарекен?

М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұлжерде 7 информатикағақатыстысөзжасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардыңтапқансөздерінебайланыстыұпайларынбереміз.

 


VI. Жарысымыздыңкелесікезеңі «Кімжылдам?» кезеңі.
WordPadмәтіндік редакторы арқылытөмендегіөлеңжолдарындұрысжазып, қалағантүсіңізгебояңыз.
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасағанелің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтергенкөкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,
Көңілгемұнытүйебіл.
«Отан» депөс, жасқауым,
Оны ардақтап, сүйебіл
 

Жүргізуші:  Ал қазір әділқазы мүшелері бағаларды қорытындылап шығарғанша болғанша «Көрермендер көзайымы» айдарын ұысынғым келіп тұр. Бұл кезеңде сіздер сұрақтарға жауап беру керексіздер. Жеңімпаздарымызға сыйлығымыз бар! Ендеше бастайық!

1.     Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)

2.     Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3.     Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4.     Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

5.     Қағазға тойматын  құрылғы (принтер)

6.     Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)

7.     Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

8.     19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль).

Ат салысып қатысқандарыңызға рахмет! Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.  Ойынның қорытындысы айтылады. Бүгінгі көріп тамашалаған «Ақпарат әлеміне» саяхат атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

 

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

 

 

Жаңартылған күні: 23.01.2020 12:57
Құрылған күні: 23.01.2020 12:57

Текст