«Қазымыр оқушы» (зияткерлік ойыны)
Мерзімі:11.12.2019 ж
Мақсаты:
Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Түрі: «Қазымыр оқушы» атты зияткерлік ойыны
Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 5 - оқушыдан 2 топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туғызады.
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Ойынның шартымен, сайыстың түрлерімен таныстыру
2. Әділ қазылар алқасымен, топ құрамымен таныстыру
Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,
Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.
Мұғалім сөзі
Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен — ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кем де емес.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.
Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» — деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, жаратылыстану-гуманитарлық пәндер апталығына байланысты мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар..
1.Жақсыгельдинова Асел (тарих пәнінің мұғалімі)
2.Бекмуханбетов Дастан (тарих пәнінің мұғалімі)
3.Ерғали Мөлдір (өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі)
1 тапсырма
Әр топ өз топ атауын, ұрандарын және эмблемаларын қорғайды. 3 мин (5 балл)
2 тапсырма «Миға арналған жаттығу» Командаларға 5 - сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:
2 тапсырма Әр жауапқа 5 балл беріледі
1 топқа
1.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болған жылдар 1783-1797 жж
2.Түркістан қаласында дүниеге келген хан – Абылай,,,,,,,,,,,,,,,ағылшын
3.1635 жылы - жоңғар хандығы құрылды,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,ағылшын
4.Жалпы қазақтың ұраны – Алаш
5.18 ғасырға жататын ақын-жыраулар – Бұқар жырау,Ақамберді,Шал,Көтеш,Үмбетей
2 топқа
1 топқа
2 топқа
Абылай сұлтанның қызы-Айтолқын,Бұланбай батырдың қызы-Айбике,Қабанбай батырдыі әйелі-Гаухар
3 тапсырма
«Терминология»
Тапсырма. Берілген терминдердің мағынасын жазу ,әрбір жауапқа (5 балл)
1 топ
Сепаратизм |
|
А. Тұрғылықты мекенінен басқа аймаққа көшіп-қону |
Миграция |
|
В. Суықтан малдың қырылуы
|
Жұт |
|
С. Жеке билікке ұмтылу
|
2 топ
Сардар |
|
А.Ру басшысы |
Шежіре |
|
В. Әскери басшы |
Старшын |
|
С.тарихи жылнама,қазақтардың генеологиялық жүйесі |
1 топ
Құрылтай |
|
А.Ру ақсақалдары кіруге тиісті болған отарлау жүйесінің әкімшілік органы |
Казак |
|
В.14 ғасырда Украина мен оңтүстік Ресейдегі әскери топ |
Расправа |
|
С. Шешім қабылдайтын жиналыс |
2 топ
Аманат
|
|
А.Ескерткіш,құлпытас |
Стела |
|
В.Түрлі бағалы заттар,материалдық байлық |
Қазына |
|
С. Кепілдікке берілген адам |
Дұрыс жауаптары
1 топ
Сепаратизм |
С |
А. Тұрғылықты мекенінен басқа аймаққа көшіп-қону
|
Миграция |
В |
В. Суықтан малдың қырылуы
|
Жұт |
А |
С. Жеке билікке ұмтылу
|
2 топ
Сардар |
В |
А.Ру басшысы |
Шежіре |
С |
В. Әскери басшы |
Старшын |
А |
С.тарихи жылнама,қазақтардың генеологиялық жүйесі |
1 топ
Құрылтай |
С |
А.Ру ақсақалдары кіруге тиісті болған отарлау жүйесінің әкімшілік органы |
Казак |
В |
В.14 ғасырда Украина мен оңтүстік Ресейдегі әскери топ |
Расправа |
А |
С. Шешім қабылдайтын жиналыс |
Аманат |
С |
А.Ескерткіш,құлпытас |
Стела |
А |
В.Түрлі бағалы заттар,материалдық байлық |
Қазына |
В |
С. Кепілдікке берілген адам |
4 тапсырма «Математикалық шкатулка»
Тапсырма. Есеп шығарып, сол датада қандай оқиға болғанын айту. 3 минут 10 балл
5 тапсырма
«Ғалымдар айтады»
Оқылған мәтінді тыңдап деректердің авторын табу. (10 балл)
да өзіндік керемет үлесін қосқан керемет тарихи тұлғаларға,тарихи оқиғаларға арнаймыз.
қорытынды