«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Математика – өмірде»

22.01.2018

«Математика – өмірде»

1-жүргізуші:

Құрметті оқушылар

сіздерді «Математика — өмірде» атты ойын сабағымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі

ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Шаршы» және «Жеті қазына» топтарын шақырамыз. Кешіміздің

өтілу тәртібін таныстырайын. Ойын 4 бөлімнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1

ұпайдан алады. Әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

1-жүргізуші:

Құрметті

аяулы көрермендер,

Біліммменен

сусындаған жас өрендер,

Қош келдіңіз

бүгінгі кешімізге,

Бұл сайыс

қалсын мәңгіге есіңізде.

2-жүргізуші:

Шақырамыз  екі топты ортаға,

Қол соғады

көрермендер таңдана.

Сайыскер

өнеріңді ортаға сал,

Білмегеніңді

осы сайыста біліп ал.

 

1-жүргізуші:

Екі топ өздерін таныстырып, 

ұрандарын айтады. Сонымен бірінші кезекте «Шаршы» тобы.

І.

Таныстыру. Ұраны:

Шаршы алаңда  мүдірме

Көп ойланып, кідірме,

Шаршы алаңға жарысқа

Шықты біздің тобымыз.

Жеңілсек те, жеңсек те,

Ашық болсын жолымыз.

 

«Жеті

қазына» тобы. Ұраны:

Жеті жұрттың тілін біл

Жеті түрлі білім біл.

Жеті қазына биіктерде қалықтасын

Жеңіс пен көк жүзінде шарықтасын

Жеңіс туы желбіреп алауласын

Бәйгені  біздің топтан  ала алмасын.

 

Келесі бөлім «Сапалы білім» деп

аталады. 2-топқа бөлек-бөлек 10 сұрақтан қойылады.

І. «Шаршы» тобына:

1). Ең кіші натурал сан. (1)

2). Шаршының периметрі 40см. Оның ауданы

неге тең? (100см2)

3). Қандай сандар 0-ден үлкен? (Оң

сандар)

4).Құрама сан деген не?

5). Өзіне және бірге бөлінетін сан қалай аталады? (Жай сан)

6). Аралас сан деген не?

7). 3-ке кері санды ата?

8) Дұрыс бөлшек деген не?

9) Бұрыс бөлшек деген не?

10) 122 неге тең?

«Жеті қазына» тобына:

1)    8 мен 12

сандарының ең кіші ортақ еселігі \ 24\

2)    Е    үлкен екі таңбалы  сан? \99\

3)    132

неге тең?  \169\

4)    Ең кіші жай

сан \2\

5)    390 минут

шамамен  неше сағатқа тең? \7\

6)    Қабырғасы

5см квадраттың ауданы неге тең? \25см2\

7)    Қандай  теңдік теңдеу д.а. \құрамында мәнін табу

қажет  болатын  әрпі бар теңдік\

8)    Қандай

сандар 5-ке бөлінеді?

9)    Пропорцияның

негізгі қасиетін тұжырымда?

10)                     

9-ға кері сан \ 1\9\

ІІ. Логикалық

сұрақтар. Екі топқа қойылады:

1)      Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айда).

2)      Дайындауға болады, жеуге болмайды. Ол не? (сабақ)

3)     

Елеуішпен суды қалай

әкелуге болады? (мұз күйінде)

4)     

10 метрлік сатыдан секіріп , қалайша жараланбауға болады? (ең төменгі

сатысынан секіру керек)

5)     

4 ұлда неше саусақ бар? 80.

6)     

Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді.Қарсы бағыттан жел

тұрса , жел пойыз түтінін қай бағытқа әкетеді? (түтін болмайды)

7)     

Барлық сандарға қалдықсыз бөлінетін сан. 0

8)     

Үш таяқтың  неше ұшы бар? \6\

9)     

Миллионда неше ноль

бар? \6\

10) 

3 кесіндіден құралған

фигура ? \ үшбұрыш\

ІІІ. Саналы тәрбие.

1 –

жүргізуші: Мен зерттедім қазақтың мақалдарын,

Әр мақалда

байқадым сандарын барын.

Не деген дана

болған ата- бабам,

Есепке

жүйрігіне қайран қалам,

Мақалды

қолданамыз, мән бермейміз,

Сайрап тұрған

сандарды біз көрмейміз.

Компьютердің

заманына келген кезде,

Ұрпақтар

сол  сандарды  білсе дейміз, - деп бұл бөлімде сандарға

байланысты  мақал – мәтелдер ұсынады. Әр

топқа 5 сұрақ.

«Шаршы»

тобына:

1.    

Екі жақсы қас болмас, (екі

жаман дос болмас)

2.    

Ерке бала –( екі жылар)

3.    

Жерді екі рет жыртқан, (өнімді

екі есе көп алады)

4.    

Отыз тістен шыққан сөз, (отыз

рулы елге тарайды)

5.    

Он рет айтқанынан (бір рет

көрсеткені артық)

«Жеті қазына»

тобына:

1.    

Екі жақсы қас болмас, (екі

жаман дос болмас)

2.    

Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

3.    

Жеті жұрттың тілін біл,

жеті түрлі білім біл.

4.    

Тойған жерге  (тоғыз кел)

5.    

Он екіде бір гүлі

ашылмаған.

 IV. «Математика маған өмірде қаншалықты

қажет?...» пікірталас (иә , жоқ).

Қорытынды: Ал енді сөз кезегін

қазылар тобына береміз. Сонымен қатар, жеңімпаз топтарды анықтаймыз.

Просмотров: 403

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст