«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тау өсімдіктері мен жануарлары" дүниетану 4 сынып ашық сабақ

02.03.2018

   Дүниетану                              4 сынып                                           27.02.18 жыл

 

Сабақтың тақырыбы: Тау өсімдіктері мен жануарлары

 

Сабаққа негізделген  оқу мақсаты: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары   

 туралы білу \Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар туралы   мәлімет алу

Сабақ  мақсаттары:

Барлық оқушылар: Таулы жер өсімдіктері мен жануарларының ерекшелігі туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі : Таулы жер өсімдіктері мен жануарларының дене құрылысының ерекшелігін түсінеді

Кейбір  оқушылар:  Өз пікірін дәлелдейді. Туратын жеріндегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі жайлы

әңгімелейді.

Негізгі  сөздер  мен  тіркестер: Күнгей, теріскен, тепсең.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, бейнежазба, тест, жазба бет. т.б

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру(2 мин)

Психологиялық ахуал

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Күлімсіреп, сәттілік тілеп,

Біз сабақты бастайық.

- Балалар, қазір қай сабақ?

- Дүниетану сабағы

- Олай болса құралдарымызды дайындап, сабаққа назар аударамыз. (Тақтада Қ. Р - ның табиғат белдеулері бейнеленген карта ілінеді).

- Балалар, мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр.

Кең дала, көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен

Әне, сол анам еді мені тапқан, - деп Сакен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан –

кең, байтақ өлке. Ол Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі. Жер көлемі жағынан  9 - ншы орында. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты табиғаты да алуан түрлі.

Балалар, картадағы әр алуан түстерге назар аударсақ, шалғынды жер, шөл мен шөлейт жерлер, су қоймалары мен орман - тоғай т. б. жерлерге бай.
Бүгінгі сабақ - ерекше. Сендерді өте көп қызық тапсырмалар күтіп тұр. Өйткені әрқайсыларың бүгін зерттеуші боласыңдар. Сендер ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл күймен сабаққа қатысуды сұраймын.

Олай болса, зерттеушінің жолдама қағазы бар. Осы қағазға ең алдымен өзіміздің аты - жөнімізді жазамыз.

ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау. (3мин)

Енді жолдамадағы бірінші тапсырмаға көңіл бөлейік.

Семантикалық картаны толтыру. Көрші парталар бойынша тексеру. (5

мин)

Атаулары

Су өсімдігі

Дала жануарлары

Шөл жануарлары

Орман жануарлары

1

Тоқылдақ

 

 

 

 

2

Балдыр

 

 

 

 

3

Қосаяқ

 

 

 

 

4

Жапалақ

 

 

 

 

5

Құм айдаһары

 

 

 

 

6

Құлан

 

 

 

 

7

Түлкі

 

 

 

 

8

Сарытұңғиық

 

 

 

 

  Жаңа сабақ (10 мин)

Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.

1.      Жаңа сабақты түсініп алу үшін мына бейнежазбаға назар аударайық (Bilim lend cайтынан көрсету).

Бейнежазба көрсету. (6 мин) Бейне жазбадағы көрген ойларын айту. Көріп болғаннан кейін сызба арқылы Таулар сөзін естігенде көз алдарыңызға не елестейді және ойларыңызға не түседі.? Дәптерге жазуып, оқу.

Таулар

                           Таза ауа                                                                           Жануарлар

мекені

                    Тамақ көзі

Таудағы  су қоймалары                                                                          Дәрілік

өсімдіктер

                                                                                                                     Құстар

жемістер Сонымен бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы.

«Тау өсімдіктері мен жануарлары»

2. -Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыңдар? (2мин)

-Жаңа тақырыпты меңгеру;

- Таулы жер өсімдіктері мен жануарларының ерекшелігі туралы білеміз.

-Сабаққа белсенді қатысу.

-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз.

3. Мұғалім түсіндірмесі  (3 мин)

-Балалар, картаға назар аударсақ, қою қоңыр түспен боялған қандай жерлер деп ойлайсыңдар?

- Таулы жерлер. Олар физикалық картада қою қоңыр бояудың түсін береді.

- Тау дегеніміз не?

- Жер бетінің ерекше биік жерлерін – тау дейді. Олардың биіктігі бірнеше мыңдаған метрге жетеді. Биік таулар (2000 метрден биік), орташа таулар (1000-2000 метрге дейін), аласа таулар (1000 метрге дейін) болып бөлінеді.

Кескін картаны тарату.

Әр оқушының алдында карта тұрады, олар аталған тауларды түсіріп отырады.

    Таулар негізінен Қазақстанның шығысы, оңтүстігі, оңтүстік пен шығысында орналасқан. Олар республикамыздың 10 пайызға жуық бөлігін қамтиды.

  Тянь-Шань тауы Қазақстан жерінің оңтүстік пен онтүстік шығыс бөлігін қамтиды. Шығыста Алтай

таулары жатыр.

4. Тау 3 бөліктен тұрады.

                                                      

Таудың биік шыңы                  

                                                       

Тау бөктері (аңғары)

                                                             

Тау етегі

 

  Биік таулардың басынан қысы-жазы қармен мұз кетпейді. Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.

5.Осы тақырыпқа қарай 2 топқа бөліндіңдер. Топтарға жеке тапсырма беремін. (7мин)

 1-топ

 Таулы

жер өсімдіктері   туралы мәліметтерді жинақтайды, постерға түсіруі, қорғау

2-топ

Таулы жер  жануарлары туралы мәліметтерді жинақтау, постерға түсіру, қорғау 

Жақсы жарайсыңдар балалар! Ендеше келесі кезекте

Қолдану 

6 «Синквейн» әдісі   (3 мин)

Бес жолды өлең құрастырып, қорғау.

-        1 топ: Тау

-        2 топ:  Барыс

1 топ

2 топ

Тау

Барыс

Биік, аласа

Сымбатты, күшті, епті

Ұлғаяды, кішірейді, өзгереді.

шапшаң және епті

Тау-табиғаттың әдемі, көрікті көрінісі.

Барыс-биік тау алқаптарын мекендейді.

Тас

Аң

 

7.  «Артық сөз» ойыны (2 мин)

1. Қарағай,

көктерек, қамыс, қайың

2. Арқар, сілеусін, барыс, піл.

3. Тянь-шань, Есіл, Алтай, Көкшетау

4. Биік, таудай бол, өжеттілік

 

Талдау

8. «Тұжырымдамалық карта» әдісі

-        

«Таулы жердің болашағы» тұжырымдамалық карта жасау. Болашақта таулы жердің өркендеуін неден көресіңдер?

-Саяхат маршрутын

-Демалыс орнындарын орналастырса.

Қайталау. Бейнефильмнің соңымен қайталау. (3 мин)

-Балалар, сабақ басында қойған мақсаттарымызға жеттік пе?

-Таулы жер өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктері туралы білдік.

-Сабаққа белсенді қатыстық.

-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат алдық.

9. Жинақтау  (3  мин)

    

Қорытындылау. Тест тапсырмалары

1.Тау дегеніміз не?

А)жер бетінің биік бөлігі

Ә)жер бетінің жазық бөлігі

Б)жер бетінің аласа бөлігі

2.Картада таулар қандай түспен белгіленген?

А)сары

Ә)жасыл

Б)қою қоңыр

3.Алатау,

Көкшетау, Алтай таулары қайда орналасқан?

А)Ресейде

Ә)Қазақстанда

Б)екеуінде

4.Таудың күн түсетін бөлігі қандай?

А)жылы, құрғақ

Ә)салқын, дымқыл

Б)жауап жоқ

5.Таулы жердің жануары.

А)саршұнақ

Ә)сілеусін

Б)сұр келес

6. Таулы жердің өсімдігі

А)қарағай

Ә)жусан

Б)сарғалдақ

7. Таулы жердің ормандары.

А)тоғайлар, ормандар

Ә)жапырақты орман, қылқан жапырақты орман

Б)ағаштар, бұталар

8.Балды көп беретін өсімдік.

А)күреңот

Ә)алма

Б)таңқурай  

 

11. Бағалау 5 мин

Бағалау :  Оқушыларды тест арқылы бағалау, және өзін- өзі балағау әдісі бойынша

12.Үйге тапсырма : 80-83 бет түсініп оқу, сурет салу. (2 мин)

13. Рефлексия 

Аяқталмаған сөйлемдер

1. Мен бүгін ___________________________________білдім.

2. Маған ______________________________ қызықты болды.

3.Маған___________________________________қиын болды.

 

                         

Просмотров: 1512

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст