Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Менің отбасым және достарым» 2.3. Адам Сынып: 1 |
Мектеп: «Жалтыр №4 орта мектебі»ММ Мұғалімнің аты-жөні: Мажитова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Адамның дене мүшелері |
||
Оқу мақсаттары |
1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді. Көптеген оқушылар:Адам дене мүшелерінің суреттері арқылы сөз тіркесі мен сөйлемдер құрай алады, сұрақтарға жауап бере алады. Кейбір оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін ерекшеліктерін дәлелдейді. |
||
Бағалау критерийлері |
Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды. Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды. |
||
Тілдік мақсаттар |
Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол, саусақтар, аяқ Адамның дене мүшелеріне не жатады? Қай дене мүшесі негізгі мүше болып есептеледі? Денемүшелері не үшінқажетдепойлайсың? |
||
Құндылықтарды дарыту
|
Қарым – қатынас жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. |
||
Пәнаралықбайланыстар |
Денешынықтыру, дүниетану |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд, бейнеролик |
||
Бастапқыбілім
|
Менің мектебім, тірі табиғатты тарауына байланысты жалпылама сұрақтар қойып, білімдерін тиянақтау. |
||
Сабақбарысы |
|||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар |
|
Сабақтың басы
|
Ширату жаттығуы Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу) Пол Эдиссон әдісі (МК) Оқушыларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын: 1. Оң қолды сол аяққа тигізеді. (Ұ) «Сиқырлы қапшық» 1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
|
Ширату жаттығу
|
|
Сабақтың ортасы
|
1 тапсырма.«Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.(Ұ-Жеке) - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.) Критерий:дене мүшелерін ажырата алады Дескриптор: -өз денесінің негізгі бөліктерін атайды; - дене мүшелерінің қызметін сипаттайды. Қ Б: бағдаршам әдісі
2- тапсырма. (МК.Ұ) Интерактивті тақтадан адам дене мүшелері видео көрсетемін. Видеороликті көреміз және сол қимылдарды қайталауға тырысамыз. -Видеоролик не туралы? -Қандай дене мүшелері туралы айтылған? -Кім мұқият тыңдады? Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады. -Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны- адамның дене мүшелері деп атаймыз. Критерий: дене мүшелерін анықтайды Дескриптор: - видеоролик арқылы дене мүшелерімен танысады; - дене мүшелерін атайды. ҚБ:от шашу әдісі 3 тапсырма. Зерттеу жұмысы. (Жеке) Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.
Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз. Бағалау критерийі:қол мен аяқтың қызметің ажырата алады Дескриптор: - суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді зерттеп әңгімелейді; - аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді. Қ Б: бағдаршам әдісі
Оқушыларға кері байланыс беремін: Жарайсың! Керемет! |
Оқұлық 32 бет
АКТ
|
|
Сабақтың соңы
|
4 тапсырма. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын. Карточка: Дене мүшелерін сәйкестендір.
Критерий дене мүшелерінің қызметін анықтайды Дескриптор: -суреттегі дене мүшелерін киіммен сәйкестендіріп сызады; - топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағалайды. ҚБ: бас бармақ әдісі Өте тамаша! Бәрекелді!
Үйге тапсырма Жаңа игерілген білімді қайталау, пысықтау;
Рефлексия.«Қимылдар арқылы»
Егер оқушы бәрін түсінсе: Қолдарын ашып жұмады. Егер оқушы әлі де түсінбесе: Көздерін ашып жұмады. Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе: Орнында тұрып жүгіреді. Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста Оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.
|
Түсқағаз, маркер,
«Бас бармақ» тәсілі
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қабілетті жоғары оқушы берілген тапсырмамен шектелмей, көбірек орындайды. Мысалы, талап етілген 3-4 дәлелдің орнына көбірек анықтай алады |
Оқушылар бағалау критерийі бойынша бағдаршам әдісі, от шашу әдісі, бас бармақ әдісі және кері байланыс әдістер арқылы бағаланады |
Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Ақ тілек сергізу сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу. Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі. |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар дене мүшелерін біледі, дене мүшереінің қызметін анықтады |