29 қыркүйек 2025 ж. 1 “А” сыныбында сынып сағаты өткізілді.
Тақырыбы: Жол жүру ережесі
Мақсаты:
Оқушыларға жол жүру ережелері туралы түсінік беру, бағдаршам түстерін танып, олардың мағынасын меңгерту. Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өмірін қорғауға тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:
Сынып сағатында балаларға жол жүру ережелері түсіндіріліп, бейнематериалдар көрсетілді. Бағдаршам түстерінің мағынасы, жолдан дұрыс өту ережелері талқыланды. Оқушыларға сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін бекіту жұмыстары жүргізілді.
Қорытындысы:
Оқушылар жолда абай болу қажеттігін түсінді. Бағдаршамның жасыл түсінде ғана жүруге болатынын, жолдан өткенде үлкендердің көмегіне жүгіну керектігін білді. Өз өмірін сақтау үшін жол ережесін қатаң сақтау маңызды екенін ұғынды.