Текст
12 қыркүйек күні 1 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі тақырыптары:
-мектеп оқушыларына арналған жол қозғалысы ережелері;
-ата-аналар комитетін сайлау;
-оқушылардың сыныптағы бейімделу кезеңі.
Жиын барысында әр оқушы туралы қысқаша мәлімет беріліп, олардың тәртібі мен сыныптағы белсенділігі жайлы ата-аналарға ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелеріне ерекше тоқталынды. Балалардың мектепке бару және қайту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналардың қырағылығы аса маңызды екендігі түсіндірілді. Әсіресе, жаяу жүргінші жолын пайдалану, жол белгілерін сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Сынып жетекші:Жасуланова М.С.