«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математикалық эстафета 5-7 сыныптары үшін, мұғалімі Кабдулина Р.К.

 

Математикалық эстафета
Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Типі: ойын түрінде

Жоспары:
1. Математикалық эстафета
1-ойын: Доппен жүгіріп барып, сандарды салыстыру.

2- ойын: Адасқан әріптер
3- ойын: Тез есептеу. Доппен жүгіріп барып есептеу
5. “Кім көп біледі?”
6. Жұмбақтар шешу
7. Капитандар жарысы
8. Қорытынды


Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Математикалық эстафета» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.).«Жалын» тобы мен «Тұлпар» топтарын ортаға шақыру.


І бөлім. Математикалық эстафета
1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
2. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)
3. Диаметрдің жартысы? (радиус)
4. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек /Дұрыс бөлшек/
6. Санның ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз?
7. Оң және теріс сандарды қалай ажыратамыз?
8. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
9. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
10. 1/10 санының кері саны? (10)
11. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
12. 15 квадраты неге тең?
13. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
14.Математика оқулығының авторы кім?


1-ойын: Доппен жүгіріп барып, сандарды салыстыру.

«Тұлпар» тобына:

-15 * 0        0,42 * 0,5       96: 2* 24 ∙2        0,5 * 1,5                  0,2 * 3,05

 

 

«Жалын» тобына:

-20 * 00,25 * 0,3100:2 * 25 ∙2      0,75 * 1,75       0,1 * 2,05
2- ойын: Адасқан әріптер

«Тұлпар» тобына:                                                   «Жалын» тобына:

1.  еңшбре – шеңбер                                           1. еьвритакл  (вертикаль)

2. ьицукрл (циркуль)                                          2.зуүт (түзу)

3.шұбршүы – үшбұрыш                                     3.кентүт (нүкте)

4. ицилднр (цилиндр)                                         4.сшзығы (сызғыш)

5.трұбышрөт – төртбұрыш                                5. закфии  (физика)

3- ойын: Тез есептеу. Доппен жүгіріп барып есептеу
«Тұлпар» тобына:                                            «Жалын» тобына

43 ∙ 11                                                                23 ∙ 11

34 ∙ 11                                                                33 ∙ 11

35 ∙ 35                                                                25 ∙ 25

65 ∙ 65                                                                55 ∙ 55                                                              15 ∙ 20                                                                25  ∙ 20

Көрермендерге логикалық сұрақтар:

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?( 3кг)

2.Үстел  беті  төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп  алсақ, неше бұрыш қалады?      ( 5 бұрыш)

3.Төрт қойдың неше аяғы бар?(16 аяқ)

4.Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңщы біреуін атып алды, неше торғай қалды?(1-торғай)

5.Жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(3 минутта)

6.1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?(тең)

7.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар.Жанұяда неше бала бар?(алты бала)

8.Асханаға жүз кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді.Асханаға неше кг картоп әкелінді?(300 кг)

4.“Кім көп біледі? ”
«А» , «Ш» , «П» , «С» , «К» әріптерінен басталатын математикалық  сөздерді  жазу. Аргумент , арифметика , көбейту, конус , куб, кесінді, көлем, синус,  сүйір, стереометрия, сектор, пирамида  планиметрия, Пифагор, плюс , перпендикуляр, парабола, параллель, шеңбер, шаршы, шар, шексіздік.

 

 

 

 

5. Жұмбақтар шешу.

1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)
2. Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде
Бірін - бірі көрмейді. (көз)
3. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)
4. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі
Екі қоян, үш түлке
Таба алмасаң бос күлкі. (28)
5. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)
6. Түйе, бота аң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (15)
7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағына қарамай. (натурал сан)
8. Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (ондық бөлшек)

9.Қос құлақты  жүз тісті, жүзінен бір ақ із түсті ( ара)

10.Бірге барып сыныпқа, бірге үйіне қайтады

Оның бетін кім ашса, әр бағаңды айтады. (күнделік )

6.Капитандар сайысы: Тапсырма беріледі

«Тұлпар» тобының капитанына:

Ең кіші төрт таңбалы сан

Ең үлкен төрт таңбалы сан

Ең кіші екі таңбалы сан

8-ге қарама-қарсы сан

8-ге кері сан

-5-ке қарама-қарсы сан

«Жалын» тобының капитанына:

Ең кіші үш таңбалы сан

Ең үлкен үш таңбалы сан

Ең кіші төрт таңбалы сан

3-ке қарама-қарсы сан

5-ке кері сан

-18-ге қарама – қарсы  сан

Әділқазы алқасы қорытындылайды.Жеңімпаз бен белсенділер марапатталады.

Жаңартылған күні: 15.01.2020 15:16
Құрылған күні: 15.01.2020 15:16

Текст