«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілі – мақтанышым!» ойын сайысы. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жуванищева Ж.А.

24.02.2019

«Қазақ тілі – мақтанышым!» ойын сайысы

(қазақ тілі апталығына орай 2-4 «Б» сыныбында өткізілген іс — шара)

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту;   қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

Әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілік: көрнекті суреттер, қима қағаздар,сөздер, әріптер

 

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1) сынып бойынша топқа бөліну

2) әділқазылар алқасымен таныстыру

3) сайыстың мақсатымен таныстыру.

 

Армысыздар  құрметті қонақтар,  қатысушылар! Бүгінгі «Қазақ тілі – мақтанышым!» атты сайысына қош келдіңіздер!

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас,  — деп, Байділда Сарноғаев барлығымызды ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.

Осымен «Қазақ тілі – мақтанышым!» атты  ойынын ашық деп жариялаймын.

Сәттілік тілеп, ойынды бастау

Сайыстың кезеңдері:

І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Жекпе- жек»

IІІ кезең «Кім жылдам?»

V кезең «Ойлан тап!»

ІV кезең «Тездет, бірақ қателеспе!»

Қатысушылар үш топқа бөлініп, қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады:.

І кезең. «Таныстыру»

Топтың атауын атап, ұрандарымен таныстырады.

 

ІІ кезең. «Жекпе - жек»

Үш топтың топ басшылары «Тіл», « Менің ана -тілім» атты тақырыптар бойынша жаттап келген  өлеңдерін оқиды.

 

IІІ кезең. «Кім жылдам?»

Бұл кезеңде әр топқа әртүрлі суреттер беріледі.Оқушылар сурет бойынша шағын мәтін құрастырады. Бар білгендерін ортаға салып, мәтіндерін оқып , әділқазыларға тексертеді.

2 «Б» - «Мектептің» суреті беріледі.

3 «Б» - «Музейдің» суреті беріледі.

4 «Б» - «Астананың» суреті беріледі.

 

СЕРГІТУ СӘТІ «Көңілді күн »

 

V кезең. «Ойлан тап!»

Әр топқа әртүрлі сөз беріледі, оқушылар 5 минутта осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыру қажет.

 

2 «Б» - «Қарлығаш» сөзі.

3 «Б» - «Білімпаздар» сөзі.

4 «Б» - «Қазақстандықтар» сөзі.

 

ІV кезең. «Тездет, бірақ қателеспе!»

Бұл кезеңде оқушылар грамматикалық тапсырмалар орындайды. Әр топқа білімдеріне сай тапсырма беріледі. Тапсырма 2-3 минутта орындалу қажет.

2 «Б» сыныбына тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қою.

С....лем                                                          к....т....п

м....р....н                                                          .....лкен

то....ыз                                                            г....л

к....рп.....                                                         к...ш...к

к....йл....к                                                        ет.....к

ш.....р.....н                                                       с....б....з

 

3 «Б» сыныбына тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғау.

1. Ол «Өнерлі отбасы» байқауына қатыс.....  .

2. Ата... күмістен сырға жасайды.

3. Әнел ән айта.....  .

4. Анам киім тіге.....  .

5. Әнел атасымен көрме.....  барды.

6. Мен қағазды қиды....  .

7. Олар қолөнер үйірмесіне  қатыса..... .

 

-ты    -м      -ды    -ді     -ол    -ге

 

4 «Б» сыныбына тапсырма. Берілген зат есімдерді ілік және барыс септікке қойып жаз.

(Қала, өзен, ағаш, қағаз, кітап, сурет, тау, терезе, етік, аяқ)

  

Ілік септік                               Барыс септік

 

 

 

Әділқазылар әр топтың  ұпайларын санап болғанша, көрермендерге сұрақтар қойылады.

Бүгін қандай күн?

Сен қайда тұрасың?

Қай пән ұнайды?

Сыныбыңда қанша оқушы бар?

Кім болғың келеді?

Сенің сүйіп оқитын жазушың?

Саған қандай тағам ұнайды?

Жуан дауыстыларды атаңдар?

Жіңішке дауыстыларды атаңдар?

Қыс айларын атаңдар.

Күз айларын атаңдар

 

Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі «Қазақ тілі – мақтанышым!» атты сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст