Тақырыбы: Мамандықтар |
Мектебі : Жалтыр №4 мектебі | ||
Күні, айы: 12.05.17 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жуванищева Ж.А. | ||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:13 |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:12 | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.4.1. Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау. 1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу. 1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу 1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру. | ||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Мамандық (дәрігер, мұғалім, аспаз, суретші) атауларын атай алады, олардың не істейтінін айта алады. | ||
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады. | |||
Кейбір оқушылар: Басқа да мамандық атауларын атай алады, олардың не істейтінін түсіндіре алады | |||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар | |
Сабақтың басы (2-5 минут) |
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
| |
Сабақтың ортасы
(6-40 минут) |
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген диалог пен сөздерге аударады. Рсы үлгі арқылы оқушылар мамандықтар атауларын аай алуға үйренеді, мысалы, Бұл кім? Бұл дәрігер. Содан кейін оқушылар осы үлгі негізінде дәрігер сөзінің орнына мұғалім, суретші, аспаз сөздерін қолдануға жаттығады. Оқушылармен суреттерге қарау, сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. (Ж) Оқушылар үйренген сөйлем үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы мамандыққа қатысты суреті бар карточкаларды (дәріген, мұғалім, суретші, аспаз) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір карточканы көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл кім?), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екіші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді. (МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суретке қарап толықтырып оқу арқылы мамандық иелерінің не істейтінін айтып үйренеді. Оқушылар мамандық атауларын тағы бір пысықтап, оқытады, емдейді, сурет салады, тамақ пісіреді сияқты тіркестерді айтып жаттығады. (МК,Ұ) 3-тапсырмада оқушылра алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, ол үшін Кім не істейді? сұрағына жауап беруге жаттығады. Мысалы, мұғалім балалардан «Балалар , аспаз не істейді?» деп сұрайды, оқушылар суретке қарап жауап береді. Мысалы, Аспаз тамақ пісіреді. (МК, Ұ) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу дағдыларын жетілдіре түседі. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақтан алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. |
Оқулық, слайд
Аудиодиск 8.3.1.; 8.3.4.
№2 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма: 8.3.
| |
Соңы
|
(Қ) Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
| |