«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілім менің-таусылмайтын қазына» айдарымен өтілген қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жұмыс есебі

2020-2021 оқу  жылғы   Жалтыр ауылының  №3 ЖББ мектебінде 

    «Тілім менің-таусылмайтын қазына» айдарымен өтілген

қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жұмыс  есебі

 

        Дүйсенбі, қаңтардың 25-ші жұлдызында апталықты 10А сынып оқушылары «Ұмыт қалған қазақтың салт-дәстүрлері» айдарымен бейнероликтер байқауын ашты. Амантай Бахтияр қазақтың «Аунату», «Ақсарбас», «Асату» дәсүрін паш етсе, Тлеулес Айнұр «Асар», «Теңгене» дәстүрлері туралы әңгімеледі. Әрі қарай Таймасова Лаура ұмыт қалған «Әмеңгерлік» дәстүрінің сыры жайлы баяндап, «Сыйыт» салтының маңыздылығын хабардар етті. Баймұхан Ерасыл «Бәсіре», «Аушадияр» дәстүрлерінің қазақ отбасындағы ерекшелігі туралы айтып, бала тәрбиесіндегі аса мәнді орны жайлы ақпараттандырды. Оқушалар апталық  нәтижесі бойынша 1-орын иеленді.

       Сейсенбі, 26 қаңтар күні, М.Дюсембаева 9Б сыныпта өскелең ұрпақ  қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосан алып тұлғалар жайлы біліп жүрсін деген мақсатпен  «Үш бәйтерек пен бес арысты білеміз бе?» атты бейнеролик дайындады. Оқушылар «Болашақ білгірлер» номинациясын иеленді.Осы күні, 9А сыныпта  «Тәрбие басы-тіл сканворд, сөзжұмбақ құру жарысы (презентация) өтті. Сынып ішінен суырылып шыққан оқушылар: Калиева Умит, Имантаева  Диана, Карипова Диана. Олар өз тарапынан қызықты сөзжұмбақтар құрып, жүлделі орынды жеңіп алды.  9А сынып оқушылары аптылық қорытындысы бойынша 2-орын алды.

     Апталық  жоспарын сай   27 қаңтар күні «Миллион кімге бұйырады?»  интеллектуалдық  ойынына  6,7,8 сынып  ұжымдары қатысып,  I  орын  -жоқ.

II орын- 7А-8А,  III орын-6 А сынып иеленді.

       Аптаның төртінші күні, 28-қаңтарда  5Б сыныбына «Тіл – ұлттың жаны» атты викториналық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға  8 оқушы Zoom арқылы қатысты. Ойын төрт кезеңнен құрылды, оқушылар белсене қатысып, өздерінің қызығушылықтарын көрсете білді. Бірақ үш оқушы өздерін ең үздік жағынан көрсетіп барлық кезеңнен өтті. Олар: Ижакевич Арина, Шаповалова Алина, Тупицын Алексей.  Ойын нәтижесі бойынша оқушылар «Болашақ ізденімпаздар»  номинациясын иеленді.   

       Мектеп тіл мамандырының  ұйымдастыруымен  29 қаңтар күнгі  «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады»  көркем сөз  байқауына 0-8 сынып  оқушылары  белсенділікпен қатысты. Атап айтар болсақ, 6 сынып бойынша  Тлеулес Айсұлу, Серикбай Нұржігіт, Калдыбаев Батырхан, Казбекова Тахмина,  Жанузаков Даниял, Аккошкаров Габиден,Ахмедбекова Нұрсезім сынды оқушылар өз жұмыстарын ұсынды. Байқау  талаптарынан сүрінбей   Серікбай Нұржігіт пен  Казбекова Тахмина өтсе, қалған оқушылардың әлі көптеген ізденісті қажет ететіндігі  анықталды. 7 сыныптан Нұрлыбек Аружан, Таласбек Аружан, Муратбеков Алишер, Усербаева Асемгуль , Байжигитов Аслан қатысып,  тіл туралы  өлеңдерін ұсынды.  Алайда,  Усербаева Асемгульдің  жұмысы  барлық  талаптарға сай деп танылып іріктеуден өтті.   8 сыныптан  Жанатов Данияр, Мәжит Әрсен,  Сериков Темирлан, Ужеков Ануар  қатысты.  Сериков Темирлан  ұсынған  өлеңі  көптің көңілінен  шығып қабылданды.

Апталық нәтижесі кейінгі көрсеткіше ие болды:

 Бастауыш сынып: 1 орын-4Б, 2 орын-3Б, 3 орын -2Б

Орта буын қазақ сыныптары: 1 орын -8А, 2 орын-6А , 3 орын-8А

Орта буын оқуы орыс тіліндегі сыныптар: 1 орын-6Б, 2 орын-5Б, 3 орын-7Б

     8Б сынып оқушылары апталыққа ат салысқан жоқ.

                

       ҚГЦ әдістемелік бірлестігі жетекшісі               О.Жунусова

 

Жаңартылған күні: 08.02.2021 17:08
Құрылған күні: 08.02.2021 17:08

Текст