«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана тілі– білімнің кілті» ойын сайысы, мұғалімі Жуванищева Ж.А.

                       «Ана тілі– білімнің кілті» ойын сайысы

(қазақ тілі апталығына орай 1-2 «Б» сыныбында өткізілген іс — шара)

 

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту;   қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

Әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілік: көрнекті суреттер, қима қағаздар,сөздер, әріптер

 

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1) сынып бойынша топқа бөліну

2) әділқазылар алқасымен таныстыру

3) сайыстың мақсатымен таныстыру.

 

Армысыздар  құрметті қонақтар,  қатысушылар! Бүгінгі «Ана тілі – білімнің кілті» атты сайысына қош келдіңіздер!

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас,  — деп, Байділда Сарноғаев барлығымызды ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.

Осымен «Ана тілі – білімнің кілті» атты  ойынын ашық деп жариялаймын.

Сәттілік тілеп, ойынды бастау

Сайыстың кезеңдері:

І кезең «Моншақ»

ІІ кезең «Адасқан әріптер»

IІІ кезең «Сұрақ- жауап»

V кезең «Әріптер»

 

Қатысушылар екі топқа бөлініп, қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады: 

І кезең. «Моншақ»

Ойынның шарты: Екі топқа бірдей жуан және жіңішке сөздер беріледі. Бірінші топ барлық сөздердің ішінен тек қана жуан дауысты бар сөздерді терсе, екінші топ жіңішке дауысты бар сөздерді теріп жазады.

 

ІІ кезең. «Адасқан әріптер»

Ойынның шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрастыру.

Т,к,і,п,а –

к,е,м,е,п,т –

у,о,қ,ы,ш –

р,п,ә,д,е,т –

қ,ш,ұ,а –

а,у,я,ж –

м,а,л,а –

п,ә,е,к –

ш,а,ғ,а –

 

IІІ кезең. «Сұрақ- жауап»

Ойынның шарты: Оқушыларға сұрақтар қойылады, қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпайлар беріледі.

 

Қолда неше саусақ болады?

Бір аптада неше күн бар?

Бір жылда неше жыл мезгілі болады?

Сыныпта неше терезе бар?

Сен таңертең нешеде тұрасың?

Аспазшы не істейді?

Оқушының сөмкесінде не жатады?

Мектепке кіммен барасың?

Сен мектепке немен барасың?

Путешествие сөзі қалай аударылады?

 

СЕРГІТУ СӘТІ «Көңілді күн »

IV кезең. «Әріптер»

Екі топқа әріптер ұсынылады, топ мүшелері кез келген әріпті таңдап,орнына отырады.

Таңдалған әріпке топ ішінде жаңа сөздер құрастыру қажет.

 .Әділқазылар әр топтың  ұпайларын санап болғанша, көрермендерге сұрақтар қойылады.

 

Бүгін қандай күн?

Сен қайда тұрасың?

Қай пән ұнайды?

Сыныбыңда қанша оқушы бар?

Кім болғың келеді?

Сенің сүйіп оқитын жазушың?

Саған қандай тағам ұнайды?

Жуан дауыстыларды атаңдар?

Жіңішке дауыстыларды атаңдар?

Қыс айларын атаңдар.

Күз айларын атаңдар

 

Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі «Ана тілі – білімнің кілті» атты сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.

Жаңартылған күні: 01.03.2020 21:16
Құрылған күні: 01.03.2020 21:17

Текст