Күні:14.04.2021 Сынып:1А Пәні:өзін-өзі тану
|
Мектеп: Жалтыр №3 ЖОББ мектебі Мұғалім:Кайроллиева З.С. Қатысқандар саны: 9 Қатыспағандар саны:0 |
||
Сабақтың тақырыбы |
Денсаулыққа апарар жол (2-сабақ) |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Тәндік және рухани денсаулық. Жақсы ойлар біздің денсаулығымызды нығайтады. Жағымды ойлау білігі. Салауатты өмір салты ережелері. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Оқиғаларды әңгiмелеу. Денсаулық дәрісі. (аңыз әңгіме) Бір патша ауырып жатқанда сарайындағы емші оған ем ретінде «Денсаулық» салатын жасап жеуді ұсынады. Ал, салат құрамы мынандай екен: «Тыңдай білудің тамырын , тіл табысудың жапырағын салыңыз, жан тазалығы мен сенім жемісін қосып,бәрін сабырлықтың ыдысында сақтап, күнде пайдаланыңыз»- деген екен. Сұрақтар: 1.Емшінің сөзінен кейін патша емді өмірінде қалай қолданады деп ойлайсыңдар? 2.Ал, балалар, қалай ойлайсыз, бұл салат пайдалы ма екен? 3.Ал, балалар, бұл салатты өз өмірімізде пайдалансақ, бұл біздің дұрыс жасағанымыз ба?
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Қызықты тапсырма 8 минут |
Шығармашылық іс-әрекет, жұптық жұмыс. «Тазалық достары» суретін салу.
Қолыңа сүйкесең, Кетіп кір,ласың- Тап-таза боласың, Бұл не? (Сабын) Аузы жоқ,көзі жоқ, Тілі жоқ,сөзі жоқ, Бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар Бұл не? (Тарақ) Шомылған баланы Аймалап алады. Сипайды қолында Сипайды жонында Бұл не? (Сүлгі) Иілсең, иіліп, Түйілсең түйіліп. Қарайды кісіге, Ұқыпты ісіне Бұл не? (Айна) «Айырмашылықты тап!»ойыны. Жұптық жұмыс. |
Түрлі тапсырмалар |
|
|
Оқулық, дәптерлер.
|
||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Сабақтың соңы тыныштық сәтi. |
Түрлі түсті алмалар суреттері |
|