«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, информатика және физика апталығының қорытынды есебі 2019 – 2020 оқу жылы

Математика, информатика және физика  апталығының 

қорытынды есебі 2019 – 2020 оқу жылы

Жаңа білім жүйесі – заман талабы десек, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы сіздер. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде .

Себебі математикалық білімі мықты,компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады.

Қаңтар  айының 13-17 күндер аралығында мектепте математика,информатика және физика пәндер апталығы өткізілді.Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.

Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи

тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру. Әрине бұл пән мұғалімдері тарпынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.

Төмендегідей іс- шаралар өткізілді:

1. 5-7 сынып оқушыларымен «Математикалық эстафета» спорттық сайыс  түрінде өтізілді. Пән мұғалімі: Кабдулина Р.К.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Бұл сайыста «Жалын»  және «Тұлпар»  тобы жарысқа түсті.

2. «Дарынды дода» интеллектуалдық ойын 7- 9 сынып оқушыларынан арасында өткізілді. Пән мұғалімі: Абдижалилов Е.К.

Ойын өте қызықты, тартысты өтті.

3. «Ақпараттар әлеміне» саяхатты 5-6 сынып аралығында өткізілді.

 Пән мұғалімі: Рашитов Н.Н. Саяхат соңында мектебімізің әдіскері Мәжитова А.К.  өз пікірін айтты.

4. «Білімді жетер мұратқа» атты кеш 8-10 сыныптар  аралығында өткізілді. Бұл кештің мақсаты оқушылардың білімдерін шыңдай отырып, өз ойларын шапшаң айтуға, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық іс –шаралар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсенді тақтаны пайдаланды.Дүйсенбі  күні апталықтың қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.

 

ЖМБ  әдістемелік бірлестігі: Кабдулина Р.К.

Жаңартылған күні: 20.01.2020 16:44
Құрылған күні: 20.01.2020 16:44

Текст