Тақырыбы: «Табиғат ғажайыптары» Викториналық сұрақтар сайысы
Мақсаты: Дүниетану пәнінен алған білімдерін тексеру, анықтау, қосымша білім беру;
Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл – ойын дамыту;
Табиғатты аялай білуге үйрету.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер: суреттер, әріптер.
Барысы:
Ал қанеки қаралық,
Мына жақта жаналық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Білімнің еліне.
Дүниетану тілінде
Тапсырманы шешіп, жарысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Құрметті балалар, Бүгін бізде дүниетану пәні апталығының «Табиғат ғажайыптары» атты викториналық сұрақтар сайысымызды бастаймыз.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сайыс болған соң міндетті түрде әділ қазылар бағалайды. (Әділқазылармен таныстыру)
Сайысты бастамас бұрын топтарыңды таныстырып өтсеңдер.
І топ – «Алғырлар» «Білімдіге дүние жарық., білімсіздің күні кәріп»
ІІ топ – «Тапқырлар» - «Ақыл азбайды, білім тозбайды.»
І кезең «Бәйге»
І топ
Табиғатқа не жатады?
Ауаның температурасын өлшейтін құрал.
Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
Көктемде ең бірінші жарғанат па, әлде бунақденелер шыға ма?
Ең кішкентай құс.
«Ақ алтын» (мақта)
Ұлудың тісі қай жерде орналасқан? (тілінде)
Екі ботаның аяқтары нешеу? (8)
Жауын-шашынның түрлерін атаңдар (жаңбыр, бұршақ, қар)
Конституцияның 7 – бабында «ҚР .... (мемлекеттік тіл – қазақ тілі)
ІІ топ
Табиғаттың тірі денелерін ата.
Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
Жеміс – жидек қашан піседі?
«Қара алтын»
Ненің құлағы аяғында орналасқан? (шегірткенің)
Керіктің алдыңғы аяғы ұзын ба, әлде артқы аяғы ұзын ба? (бірдей)
Балықтар қайда өмір сүреді ?
Табиғаттағы су неше күйде болады?
Өсімдіктердің 3 түрі
Конституцияның 27 бабында «Неке мен отбасы......(ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады)
ІІ кезең «Не? «Қандай?»
ІІІ кезең Полиглот
IV кезең «Кім жылдам?»
Құстар |
Жәндіктер |
Балықтар |
Бауырмен жорғалаушы |
Сүтқоректілер |
V кезең «Сөз құра»
ДҮНИЕТАНУ осы сөзден басқа сөздер құрастыру
VІ кезең «Ұйқасын тап»
Жағасында бұлақ, жайылып жүр .... лақ
Бата алмас түлкі, үсті тікен ... кірпі
Алмастан таным, шабады ..... құлын
Аппақ доп тауып, шақырады ақ ..... тауық
Дамыл таппай бір мезет, жортумен жүр сұр ..... көжек
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты .... жолбарыс
Өзінше ноян, қорқақ кім ... қоян
Айбат шегер алыстан, Аң патшасы .... арыстан
VІІ кезең «Суреттер сайысы»
Әр түрлі жануарлардың мүшелерінен құрастырып белгісіз, әлемде жоқ жануардың суретін салыңдар.
Осымен сайысымыз аяқталды. Әділқазылар ұпайларын санағанша қыздарымыздың орындауында ән тыңдаймыз.
Қорытындылау, марапаттау.