Текст
08.04.2025
Мемлекеттік көрсетілген аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
03.04.2025
28 марта, прошло заседание методического объединения учителей по предметам ЕМЦ. Повестка дня: 1.Доклад «Современные проблемы в патриотическом воспитании молодежи». (Шипачев Д.А.); 2. Шебер сынып: "3D үлгілері арқылы сабақты қызықты өткізу". (Абдижалилов Е.К.) 3. "Эффективное использование Coogle и Padlet: Инновационные подходы к организации учебного процесса". (Урбанович В.В.) 4. Анализ результатов СОР и СОЧ за 3 четверть. Предварительные итоги работы МО в 2024 - 2025 учебном году. Руководитель МО ЕМЦ: Янченко Т.А.
28.02.2025
Отчет публичное обсуждение за 2024 год
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыр ауылының № 3 жалпы орта білім беретін...
05.02.2025
Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары! «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2025 жылдың 1-30 наурызы аралығында ресми интернет-ресурста 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жариялы талқылау өткізілетінін хабарлайды. «Жалтыр ауылының № 3 ЖОББМ» КММ
04.02.2025
3 ақпан күні сағат 16.00-де «Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ» КММ-нде 5Б сыныбында Ж.Сейтжанованың ұйымдастыруымен "МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛЕМІН" атты зияткерлік ойын өтті. Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері балаларын қазақ тілінде таза сөйлеуге баулу. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін жетілдіру. Патриоттыққа және ізгі мәдениеттілікке тәрбиелеу. Оқушылар «Арман», «Қыран» тобы болып сайысты. Мың бұралып қазақтың «Қара жорға» биін билеп, зейіндерін шоғарландырып, сөз жарысын бастады. Ойын барысында өздерін таныстырып, ұрандарын айтты. Кейін байлық түрлерін топтастырып, сөздердің ұйқасын тапты, ұзын сөздерден сөздер құрады. Бәрі белсене қатысты. Көрермендермен «Суретті мақал-мәтелдерді табыңдар» атты ойын өтті, одан Байжигитов Алдияр жеңді. Қазылар алқасының төрайымы М.Дюсембаева болып, Жеңіс додасын жігіттерден құралған «Арман» тобына берді
04.02.2025
Бүгін, 2025 жылғы 3 ақпан күні «Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ» КММ-нде «СӨЗ ӨНЕРІН ҚҰРМЕТТЕЙІК» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуын мектебіміздің 6А сынып оқушылары С.Торайғыровтың «Мен қазақпын» өлеңімен әуелетіп, ресми түрде ашып берді. Мектебіміздің тілшілері Ж.Сейтжанова, М.Дюсембаева, А.Кожамжаров, Ж.Жуванищева ШАШУ шашып, апталық жоспарымен таныстырды. Қабырға газеті «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында А.Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды.
29.01.2025
Индивидуальные занятия с учеником 1 "Б" класса по учебнику "Обучение грамоте" на платформе TopIQ.kz. Медведева М.А. учитель начальных классов КГУ "ООШ #3 села Жалтыр".
15.01.2025
В рамках Недели МИФ прошла интеллектуальная игра по физике для 7 и 8 классов на тему: "Снежинки-совершенное чудо природы" под руководством учителя физики Н.А.Песоцкой. Ребята активно и увлечённо работали, выполняли задания в конкурсах.
15.01.2025
бүгін Математика-Физика апталығы аясында “Қызықты сандар” атты зияткерлік ойыны өтілді. Іш-шараның мақсаты: оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, уақытты тиімді қолдану. Сайыста 7А сыныбы жеңіске жетті
24.12.2024
Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ материалдық және техникалық қолдау көрсеткені үшін «Астрахан аудандық білім бөлімі» ММ-не алғыс білдіреміз. «Астрахан аудандық білім бөлімі»ММ мектептің техникалық базасын нығайту үшін 2023-2024 оқу жылында модем, принтер, интерактивті тақта, компьютер берсе, оқушылардың тәрбиелік іс-шаралардың өтілуіне қолдау ретінде музыкалық аппаратура, ал спорттық шараларға қатысу үшін шаңғы, доп, доп үрлейтін насос т.б спорттық жабдықтар алып берді. Сонымен қатар мектептің асханасын жабдықтау барысында сушилка, раковина, ыдыс- аяқтар алып берді. Оқушылардың заманауи білім алуына ықпал жасап, жан-жақты дамуы қолайлы жағдай жасады. Қолдау мен қамқорлық үшін «Астрахан аудандық білім бөлімі»ММ-не алғыс білдіре отырып, жұмыстарына табыс, алар асулары биік болсын демекпіз. Ауыл мектебін қолдауы - біз үшін үлкен мәртебе.