Бүгін, 27 қараша күні, «Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ» КММ-нде «ББЖМ және PISA нәтижелері бойынша пән мұғалімдерін әдістемелік қолдау» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Мақсаты: «ЖМБ пән мұғалімдерінің білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісіне, халықаралық зерттеу әрекеттеріне дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдермен бөлісу, тәжірибе алмасу. Оқушылардың сауаттылық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдану, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді» Семинарды директордың ОТЖ орынбасарлары Ж.Сейтжанова мен М.Дюсембаева ашып, ББЖМ-ға дайындық деңгейі бойынша мектеп жетістіктерін атап өтті. Одан кейін бастауыш сынып мұғалімдері Г.Максименко, Д.Шынтемір, физика пәні мұғалімдері Н.Песоцкая, Е.Абдижалилов, биология пәні мұғалімі Т.Янченко, математика мұғалімі Е.Нажук ашық сабақтар беріп әріптестері атынан жоғары, нәтижеслі жұмыстың кері байланысына кенелді. Семинар жұмысының қорытындысы ретінде мектеп-психологі А.Боранбаеваның ұйымдастырумен «Өзіңді күт, аяла» тақырыбында тренингтер ұймдастырылып, мұғалімдер біраз сергіп, жағымды әсерге бөленіп, жұмыстарына зор мотивация алды. Семинар жақсы деңгейде өтті