Салауатты тамақтану әдеттері туралы ата-аналар жиналысы өтті! 🌱
5 желтоқсан күні Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ-де қазақ тілінде оқытылатын бастауыш сыныптарда ата-аналарға салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыруға арналған жиналыс ұйымдастырылды. Педагогикалық қолдау орталығы ұстаздармен жұмыс жүргізіп, салауатты тамақтану мәселелері бойынша кеңестер беріп, арнайы тренингтер өткізді. Жиналыс барысында мұғалімдер балалардың денсаулығы мен физикалық дамуына дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіріп, салауатты тамақтанудың қағидалары туралы слайдтар көрсетті.
📋 Ата-аналармен пікір алмасып, олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, балалардың дұрыс тамақтануына қатысты көптеген сұрақтар қойды. Осы жиналыс балаларға пайдалы тамақтану әдеттерін үйрету үшін маңызды қадам болды.
📚 Барлық қатысушыларға салауатты тамақтану туралы ақпараттық материалдар таратылып, ата-аналарға үйде балаларына үлгі болу қажеттігі ескертілді.