«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президентіміздің тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан “Келешек мектебі” жобасы аясында 2024-2025 оқу жылында Талапкер ауылының мектеп-лицейі жаңа кейіпте ашылды. Мектеп заманауи технологиялармен жабдықталған. Интерактивті тақталар, заманауи компьютерлік сыныптар мен жарық кабинеттер – оқушыларға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. “Білімдінің күні жарық, білімсіздің түні қаріп” демекші, бұл мектеп – ауыл балаларына жарқын болашаққа жол ашады. Бір ауысымда оқу жүйесі енгізіліп, бос уақытта балалар спорттық секциялар мен үйірмелерге қатыса алады. “Оқу – инемен құдық қазғандай”, алайда келешек мектеп жобасы білім алуды тиімді, қызықты әрі жайлы етіп отыр. Кең сыныптар, тынығу бұрыштары мен бай кітапхана – оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Бұл мектеп – тек білім ордасы ғана емес, балалар арманының жүзеге асатын мекені. Осындай жайлы ортада өскелең ұрпақ жан-жақты дамып, ел болашағын жарқын ететіні сөзсіз. #келешекмектептері

24.06.2025
Просмотров: 119


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст