Текст
8 қыркүйекте 9 Б сыныбында "Ана тілі - халық байлығы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты:тіл туралы қолда бар білімді кеңейту, тілдерге деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты, оқушылар арасындағы достық пен өзара түсіністікті тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылар қазақтың көрнекті қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі туралы білді, викторинаға қатысып, "Сезімді бейнеле"ойынын ойнады.