Текст
Бүгін мектебімізде «Тілдер мерекесіне» орай концерт өтті. Іс-шараға көптеген сыныптар белсенді қатысып, әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін таныстырды. Оқушылар ән шырқап, би билеп, ұлттық киімдерде өнер көрсетті. Әр сынып белгілі бір халықтың ерекшелігін көрсетіп, олардың тілін, өнерін және салт-дәстүрін дәріптеді. Концерт өте әсерлі өтті, көрермендер көтеріңкі көңіл-күй алды.