Текст
1 “А” сыныбында “Ойындарға салауатты көзқарас”(ойынға тәуелділіктің алдын алу) тақырыбына сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:оқушыларға ойындарға салауатты көзқарас қалыптастыру, ойынға тәуелділіктің зиянын түсіндіру, бос уақытты тиімді өткізуге үйрету, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және жауапкершілік сезімін арттыру.
Оқушылар берілген сұрақтарды талқылап,өздерінің сүйікті ойындарын бояу арқылы ойынға тәуелділіктің адам денсаулығы мен мінез-құлқына зиян келтіретінін түсінді;
Уақытты тиімді пайдаланудың маңызын ұғынды;
Салауатты өмір салтын сақтау керектігін білді;
Компьютерлік және телефондық ойындарға жауапкершілікпен қарауды үйренді.
Сынып жетекші:Жасуланова Мадина Сексембаевна