Ұйымдар тізімі
12.12.2025
11.12.2025 күні 9–11 сыныптар аралығында «Молекулалық детективтер» атты химиялық ойын өтті.
Шара өте қызықты форматта ұйымдастырылды: қатысушылар түрлі практикалық зертханалық жұмыстар орындап, реакциялар жүргізіп, берілген химиялық тапсырмалар мен сұрақтарды шешті. Әр командаға нақты жағдайлар беріліп, олар молекулалардың «құпиясын ашып», нәтижелерін дәлелдеу керек болды.
Ойын барысында оқушылардың:
• тәжірибе жасау дағдылары,
• реакцияларды бақылау қабілеті,
• логикалық ойлауы,
• химиялық білімдері тексерілді.
Барлық сыныптар жоғары деңгейде дайындалып келген, сондықтан сайыс өте тартысты өтті. Соңында қазылар алқасы ұпайларды есептеп, жеңімпаздарды анықтады:
1 орын – 10 “А” сыныбы
2 орын – 11 “А” сыныбы
3 орын – 9 “А” сыныбы
Шара оқушыларға химияны тәжірибе арқылы терең түсінуге мүмкіндік беріп, өте әсерлі өтті.

