Текст
" />
Ұйымдар тізімі
06.01.2026
Қысқы демалыс аясында 1 «А» сыныбында «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу челленджі өтті. Челлендждің мақсаты – оқушылардың отбасы туралы түсінігін кеңейту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өз ойын сурет арқылы еркін жеткізуге мүмкіндік беру. Іс-шара барысында оқушылар өз отбасы мүшелерін бейнелеп, оларға деген сүйіспеншілік пен құрметін көрсетті. Нәтижесінде балалар отбасы мүшелерін таныстырып, сипаттауды, өз ойы мен сезімін шығармашылық жұмыс арқылы жеткізуді, сондай-ақ ұқыптылық пен эстетикалық талғамды үйренді.
Сынып жетекші:Жасуланова М.С.
#біртұтас_тәрбие #қысқыдемалыс

