Сынып жетекшілерінің онкүндігі аясында 9Б сыныбында пікірталас элементтері мен рөлдік тапсырмалары бар "Болашаққа үш қадам" квест ойыны
21.01.2026
Сынып жетекшілерінің онкүндігі аясында 9Б сыныбында пікірталас элементтері мен рөлдік тапсырмалары бар "Болашаққа үш қадам" квест ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың өздерінің әлеуметтік рөлін, өмір жолын таңдау үшін жеке жауапкершілігін сезінуіне жағдай жасау,
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінді. Әр команда кезек — кезек "Мен — адаммын", "Мен — қоғамда", "Мен — азаматпын", "Мен-менің болашағым"станцияларынан өтті.
Сынып жетекшісі журнал мен оқу үлгерімін бақылайтын мұғалім ғана емес. Бұл күн сайын сіздің қасыңызда болатын адам: қиын уақытта қолдау көрсетеді, өзін-өзі түсінуге көмектеседі, достыққа, жауапкершілікке және басқаларға құрметке үйретеді.
Просмотров: 1850