Текст
Ұйымдар тізімі
10.02.2026
9Б сыныбында "Есте сақтау уақыттан күшті"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты естелік күнге — Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған. Іс-шара оқушылардың тарихқа құрметпен қарауын қалыптастыруға, Ауған соғысы оқиғаларын түсінуге, патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке және әскери сынақтардан өткен адамдарға деген жанашырлық сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
Сынып сағаты барысында оқушылар Ауғанстандағы соғыстың негізгі тарихи фактілерімен танысады, сарбаздардың батылдығы мен табандылығы, бейбітшіліктің маңызы мен адам өмірінің құндылығы туралы біледі. Қаза тапқандарды еске алуға және ардагерлерді құрметтеуге ерекше назар аударылады.

