Текст
Ұйымдар тізімі
16.02.2026
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай Жалтыр ауылындағы үш мектептің 10–11 сынып оқушылары арасында патриоттық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында эстафеталық жарыстар өткізілді. Қатысушылар жылдамдық, ептілік және төзімділік бойынша сынға түсіп, командалық бірліктің үлгісін көрсетті. Әр кезеңде оқушылар ұйымшылдық танытып, өз мектептерінің намысын қорғады.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және тарихи күннің маңызын түсіндіру болды.
Жарыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

