Ұйымдар тізімі
«Отбасылық аллея» экологиялық акциясы
Отбасы күні, «ҚАМҚОР» жобасы және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Отбасылық аллея» экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияға 7–8 сынып оқушылары ата-аналарымен бірге белсенді қатысып, ағаштар мен бұталарды отырғызды. Бірлескен еңбек мектеп аумағын көгалдандыруға үлес қосып қана қоймай, оқушылардың табиғатқа ұқыпты қарауын, жауапкершілігін және қоршаған ортаға деген қамқорлығын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.
7–8 сынып оқушыларының ата-аналарына белсенді қатысқандары, мектеп бастамаларын қолдағандары және балаларға үлгі болғандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің белсенділіктеріңіз жас ұрпаққа табиғатты қорғау, туған мектеп пен қоршаған ортаға қамқорлық жасау ортақ игі істерден басталатынын көрсетті.
Белсенді қолдауларыңыз бен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жас ұрпаққа көрсеткен өнегелі үлгілеріңіз үшін рақмет!


«Адал азамат» бірыңғай тәрбие...