Текст
1А және 2А сыныптарында «Алғыс айту» күніне орай тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту парызым!» Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.