Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Ізгілік, мейірімділік, бірлік, адалдық
Сыныбы: 7 сынып
Сабақ мақсаты: ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеті: -оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету. -оқушыларды айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу. -оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар құралдар мәліметтер Сюжетті суреттер Дәптер оқулық , ақ қағаздар. Түрлі түсті қарандаштар |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті. 5 Т ережесі |
|
2.Дәйексөз: «Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз» |
Василий Сухомлинский |
3.Үй тапсырмасын тексеру: Марат Қабанбайдың «Айгүлдің әңгімесі» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру. |
Оқулық 84 бет |
4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы Жүрегіңнің отын сөндірме Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.Сонда ол ашуланып:Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді. қасиеттер болуы қажет? |
Өзін-өзі тану журналы |
5.Шығармашылық жұмыс: 1 тапсырма: Жағдаяттармен танысып, ұжымдағы қарым-қатынас туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер. 2 тапсырма: Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, адамгершілік портретін жасаңдар. |
Оқулық 86 бет |
6. Топпен ән айту. Не деген керемет күн! |
Мұқағали Мақатаев Тұрсынжан Шапай |
7.Үй тапсырмасы: Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру. |
Оқулық 87 бет |
8.Соңғы тыныштық сәті: Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп «Адам» деген ардақты атқа кір келтіргісі келмейтін әр кісіге, ұжымның әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани игілік болып табылады. |
|