«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының есебі

«Жалтыр №4 орта мектебі» ММ-нде  Ақпанның 10-14 жұлдызы аралығында

«Қызықты қазақ тілі»  айдарымен өткен қазақ тілі мен әдебиеті  апталығының

ЕСЕБІ

Апталықтың ашылуы. Ақпанның 10-ы  үзілістегі лездемеде салтанатты жиын болды.

 5А сынып оқушысы Серикбай Нұржігіт қазақтың қазыналы дәстүрімен «Сүйінші, сүйінші! ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ апталығы басталды!» деп бар даусымен, дүйім жұртқа жар салудан бастады. Әрі қарай 5А сынып оқушылары БӘРІМІЗ БІР АДАМДАЙ ҚАТЫСУҒА ДАЙЫНБЫЗ! -деп қостады. Одан кейін апталық  іс-шаралары ретімен 3Б, 1,2Б, 4Б, 7А, 8А сынып оқушылары жоспарға  сәйкес хабарланды. Соңында 5Б сынып оқушылары Чумакова Кристина мен Горбенко  Ангелина  Абайдың «Ғылым  таппай  мақтанба» өлеңін жатқа айтып,жұма күні болатын «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ» атты әдеби-сазды кешке шақырды.

Дүйсенбі күні сағат 15.00-де 3Б сыныбында «Қызықты қазақ тілі» сайысы өтті. Сайысқа 3Б сыныбының барлық оқушылары қатысты. Сынып 3 топқа бөлінді: 1-топ «Қыран», 2-топ «Домбыра», 3-топ «Тұлпар».  Сайыс 4 бөлімнен тұрды. I бөлім «Тездет, бірақ қателеспе!». Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылды. II бөлім  «Тапқыр болсаң, талас жоқ». Бұл бөлімдеаумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал-мәтелдердіңжалғасытабылды.III бөлім «Жеті жұрттың тілін біл». Бұл бөлімде жұмбақтардың жауабы орыс, қазақ, ағылшын тілінде айтылды. lV бөлім “Қызықты ұйқастар”. Бұл бөлімде жылдамдықпен сөздердің ұйқасы тауып айтылды.

 

 

    Сейсенбі, 11 ақпан күні 1-2«Б» сыныптар аралығында Ж.Жуванищеваның жетекшілігімен, «Ана тілі – білімнің кілті» ойын сайысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу,  қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.Оқушылардың қазақ тілінің  білім деңгейін анықтау, тілге деген қызығушылығын, құрметін арттыру. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Оқушылар белсене қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді. Ойын сайысында 2б- сынып оқушылары 1орын, 1б- сынып оқушылары 2 орынды иеленді.

 

Сәрсенбі, 12 ақпан күні

 

       14 ақпан күні «ҚЫЗЫҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ» апталығы аясында ұйымдастырылған 5-11 сынып оқушылары аралығында  Ж.Сейтжанованың жетекшілігімен  «Ұлылардың ұлысы-Абай» атты әдеби –сазды  мектепаралық  кеш өтті.  Кешке Жалтыр №1, №2 мектептерінің  шәкірттері мен ұстаздары шақырылды.

Әдеби кеш немересінің Абай туралы эссе жазуға қиналып, атасынан көмек сұрау диалогінен басталады. Атасы  осы тақырыптық кешке барсақ, пайдасы зор екендігін айтып, үйлесмді сахналық қойылым кештің сырына тартады.  Әрі қарай  үш мектеп оқушыларынан құрылған «Жидебай», «Семей» топтары аралығында Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығынан «БЛИЦ ТУРНИР» өтті.  Содан кейін, мектеп оқушылары  Митяева Дарья (8Б), Тлеулес Айсұлу(5А), Шахупова Анжелика (9Б) Абай Құнанбаевтың  өлеңдерін  жатқа оқыса, 10А сынып оқушысы  Қайрат Дариға  Абайдың 17  қарасөзін  нақышына келтіріп  айтып берді.  Үш мектептің «Жас ақындар мүшәйрасы»  кештің берекесін арттырды. Жалтыр №4 ОМ  Серікбай Нұржігіт(5А), Жалтыр №2 мектеп ақындары Серікбаев Ернұр, Сәдуақас Рауан, Жалтыр№1 ОМ ақындары- Бондаренко Анастасия (7 сынып), Осипов  Антон (5 сынып) Абайға, ана тіліне арналған жырларынан тарту етіп, көрермен көзайымына ие болды.

11Б сынып оқушылары Лисунова Виктория мен  Пунтас Виктория Абайдың немере інісі Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»  сұлу әнімен кешті аяқтады. Белсенді оқушылар ұтымды  жауаптары үшін молынан тәттіге кенелді. 

Жаңартылған күні: 20.02.2020 15:52
Құрылған күні: 20.02.2020 15:52

Текст