«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кім? Не? Қайда?» интеллектуалдық ойыны

14.02.2018


«Кім? Не? Қайда?» интеллектуалдық ойыны


Ойынның мақсаты: ойы жүйрік,

танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу,

белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.

БАРЫСЫ


ЖОСПАР:

1.    Топтың атауы, ұранын анықтайды. Конверттен сөйлеу ретін  белгілеп алады.

2.    8 сұраққа жауап береді

3.    «Блиц турнир» капитандар жарысы (сұрақтарға жауап береді)

ҚАТЫСУШЫЛАР:


Армысыңдар, құрметті қонақтар

Ағайын мен халайық

Көпшіл болған ер дана

Достары көп ер бала

Өнерліден үлгі алып,

Салдырар сәнді мол қамал

Өнерлімен дос болсаң,

Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі «Кім? Не?

Қайда?»  атты

интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!


ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ, ТАНЫСТЫРУ

1.    3

жұртты ата - өз, нағашы, қайын жұртың

2.   

3 арсызды ата- ұйқы, күлкі, тамақ арсыз

3.   

Суретке қараймыз. Бұл

баулар киіз үйге не үшін қажет? Желбау

4.   

«Батыр Баян» поэмасының авторын

ата. Суреттен көрсет, қайда туған, қаншаға толып жатыр?(М.Жұмабаев, СҚО,125 -ке)

5.   

«Еңілік-Кебек»

поэмасының авторын ата. Суреттен көрсет, қайда туған, қаншаға толып жатыр?(Шәкірім Құдайбердиев, ШҚО,160-қа)

6.    Троицкідегі

Ахун Рахманқұли медресесінде оқыған. “Шал мен қызға”,“А, дүние”,“Жас жүрек”

өлеңдерінің авторы. Ол кім? Нешеге толып жатыр?( С.Торайғыров, 125)

7.    Бір

жас жігіт Орынбордағы мемлекеттік қызмет атқаратын ағасына келеді.  Бауыры келгеннен кейін ол үлкен балауызды

сөндіріп, кіші балауызды жақты. Адам: Уа ұлы мәртебем, неліктен сіз үлкен

балуызды сөндіріп,  кіші балауызды жақтыңыз?

Сұрақ Ол не дерп жауап берді? (Сен

келгенге дейін мен мемлекет істерін қарап отырдым онда үлкен шамды пайдаландым.

Жеке ісіме өзім алған, кішкентай балауызды пайдаланамын. Үкімет қаражатын  үнемдеу үшін.)

8.    Бұл

нәрсе Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болған зат. Қара жәшікте не бар?

Жәшікті ұстап иіскеуге болады, ашып көруге болмайды. (Теңге)

9.    .«Блиц-турнир»

     Ойын

шарты:

Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, жауап

бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр

дұрыс жауап  5

ұпаймен бағаланады,

 

 

 

 

 

 

 

  

1-топ

1 – «Менің атым-Қожа» повесінің авторы кім? (Б.Соқпақбаев)

2 – Абайдың  қарасөздерінің саны қанша? /45/

3 – Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі /Карта/

4 – Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға  /Президент/

5 – Ұя салмайтын құс /Көкек/

6 – Абайдың шын аты /Ибраһим/

7 – Тудың авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/                                                                                                              

8 – Қазақстандағы ең үлкен көл

/Балқаш/


             

2-топ

9 – Заттың қимылын білдіретін сөз

табы /Етістік/

10 – Абай Құнанбаевтың әжесі /Зере/                                                                                                                      

11. Елтаңбаның авторы кім?/

Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов/

12.Қазақстандағы ең ұзын өзен. /Ертіс/

13.

Біржанмен айтысқан ақын қыз /Сара/

14.

Абайдың алғашқы махаббаты (Тоғжан)

15.

Шоқанның шын аты

(Мұхамедқанфия)

16. Жетісу өңіріне қай қалалар кіреді,  (Алматы,

Талдықорған, 7 су- Ақсу, Көксу, Лепсі, Шу, Қаратал, Сарқан, Іле)

             

 


   Екі топтың ұпай саны анықталады.  

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст