«Қыс қызығы» атты көңілді старттар /спорттық сайысы/
1Спорттық
сайыстың мақсаты:
а) көңілді
старт ойындары арқылы ата-аналар мен оқушылардың спортқа
деген қызығушылығын арттыру
ә) ойын
барысында ата-анамен оқушы сыйластығын, ынтымақтастығын арттыра отырып,
оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) ойынға
қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту
арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.
2Спорттық
сайыстың міндеті:
а) мектеп,
аудан көлеміндегі жарыстарға, қоғамдық жұмыстарға, саяси, мәдени іс-шараларға
деген жауапкершіліктерін сезіндіру.
3 Спорт жаңалықтары,
спорт туралы, атақты спортшылар туралы қысқаша мәлімет беру.
4 Спорт сайысының
өтілетін орны:Мектеп спорт залы.
5 Сайыстың төрешілерін
бекіту.
6 Спорт мерекесінің
қорытындысын шығару. Қатысушыларды марапаттау.
1 Таныстыру. Әр топтан бір адамнан өз топтарын
таныстырады.
2 Нысананы көздеу. Тақтаға ілінген нысананы топ басшысы
бес рет көздеп атады(1,5-2 метр қашықтықтан).
3 Секіргішпен секіру эстафетасы. Секіргішпен секіре
отырып 10-12 метр қашықтықты айналып келу.
4 Өз өнерін көрсету.Топпен, жекелей өнерлерін
көрсету.(ән, би, өлең оқу т.б.)
5 Орындық сайысы. Балалар
лавкаға отырып, топ мүшелерін жарақаттап алмай
жылдам нысанды айналып келу керек.
6.Әр топтан екі қатысушы допты басымен ұстап, нысананы
айналып келу керек.
7. Обручка 3 адам кіреді, олардың біреуі допты ұру
арқылы нысананы айналып келу керек, топ мүшелері оның артынан жылдам құлап
қалмай, ілесіп отырыу керек.
8. Арқан тарту. Топпен.
9 Сұрақ-жауап сайысы. Дайындалған
сұрақтарға қысқаша нақты түрде жауап беру.
10 Допты себетке
лақтыру. Топтың бір мүшесі (баласы) қолына себетті ұстап
тұрады, екінші мүшесі (әкесі немесе шешесі) допты себетке дәлдеп лақтырады
үшінші мүшесі допты қайтарып әкеледі.(уақыт есептеу арқылы 1-2 мин).
11. Қаппен секіру. Қапты топтың барлық мүшесі
кезек-кезек кие отырып берілген аралықты секіріп өтеді.