«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында форум өтілді.

04.12.2017

Мектепте  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   мәдениетті  қалыптастыру  бойынша  жүргізілген  іс-шаралар  туралы  ақпарат

Мектебімізде «Мектепте  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  бойынша   құрылған жоспар  бойынша жұмыстар  атқаруда. Қараша  айында  «Адал болу адамға не үшін қажет»; «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс», «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың  салдары» тақырыбында   1-11сыныптар  аралығында сынып  сағаттар  өткізілді. Сынып  сағаттар барысында  оқушылар  жемқорлық  туралы  мағлұматтармен  танысты.Төменгі  буындарда  қызықты  тренингтер  өткізілсе, ортаңғы  және  жоғарғы  буындарда  бейнероликтер  көрсетілді. Сонымен  қатар, 17  қараша күні    «Адал  Ұрпақ» ерікті  клубының  мүшелерінің қатысуымен  «Біз  жемқорлыққа қарсымыз!»  тақырыбында  форум өтілді.  Форумның  мақсаты: «Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру .Форумға Астрахан  ауданының депутаты  Мальков А.В,  Жалтыр   селолық  округінің  әкімі Иманкулов А.Ө,  Астрахан  ауданы білім  бөлімінің  міндетін атқарушы   Асқаров  А.А  сынды   қонақтар  қатысты. Аталған  іс  шараға өздерінің  тілектері  мен алғыстарын  білдірді.  Форум Жалтыр  мәдениет үйінде    Жалтыр №1,  Жалтыр №2,  Жалтыр №4 мектептердің  қатысуымен  өтілді. Жалтыр  №1 мектебінен «Кристалл»  ,  Жалтыр №2 мектебінен  «Жарқын ұрпақ»,  Жалтыр  №4 мектебінен «Жас  талап»   топ мүшелері  қатысып,  өз өнерлерін  ортаға  салды. Сонымен  қатар, форум  барысында  түрлі жағдаяттар  мен  викториналық сұрақтар  беріліп,  оқушылар жемқорлық  бойынша   білімдерін шыңдады.

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст