Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы –
мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді және білім
нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады.
Білімнің сара жолы бастауыштан басталады дегендей алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап отырған шақта бастауыш сыныппен қоштасып орта буында дәріс беретін ұстаздармен танысу мақсатында 4 сыныпта
«Аттанайық бала шақтан болашаққа» атты бастауыш сыныппен
қоштасу кеші өтті. Кешке жиналған қауым бастауыш сынып түлектерінің өнерлеріне
тәнті болды. Кеш соңында ұстаздары қауымы мен ата- аналар түлектерге жылы лебіздерін білдірсе
Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс , амандық.
Мың алғыс сіздерге біздей түлектерден, Мың алғыс мын отты жүректерден! деп түлектерде өз алғыстарын жаудырды.